ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

БАҒА БАҚЫЛАУДА

11:43, 18 ақпан 2020

Әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын бақылауда ұстау қажет. Бұл Президент тапсырмасы. Облыс әкімдігіндегі жиында өңірдегі азық-түлік құнына мониторинг жүргізілгені, сандардың бір-біріне сәйкес келмейтіні айтылды. Мәселен, Алға, Мұғалжар Темір, Хромтау аудандары баға туралы мүлде ақпарат бермеген. Ал Ырғыз, Мәртөк, Қобда, Әйтеке би, Байғанин, Шалқар аудандары берген мәліметтер шындыққа сай емес.  Сондай - ақ жиында облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Жұмамұрат Алдашев атқарылған жұмысты қорытындылады. Оның айтуынша, халықтың басым бөлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіне көп сене бермейді.  Әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 87 пайызы құқықтарының бұзылғанын растайды. 2018 жылы халық арасындағы сауалнамаға сәйкес  мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі 51 пайызға төмендеген. «Ақтөбе облысында тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Жақында ғана салааралық жұмыс тобы құрылды. Олар тұтынушылардың құқығын қорғау, сауаттылығын арттыру жұмыстарымен айналысады», - деп атап өтті Оңдасын Оразалин. Сонымен қатар, облыс әкімі  аудандарда тұтынушылардың құқығын қорғау институттарын ашу ұсынысына  қолдау білдірді.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар