ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

БАҒАНЫ БАҚЫЛАМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАЛАУ

18:31, 18 қараша 2019

  

 Өз ісіне салғырт қарап, азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берген шенеуніктер жаппай жауапкершілікке тартылатын болды. Бұл тізімге әкімдер мен министрлердің орынбасарлары еніп отыр. Бүгін Үкімет отырысында баға мәселесіне айрықша мән берген Премьер-министр Асқар Мамин осылай деп мәлімдеді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, азық-түлік нарығында нешетүрлі делдалдар мен дистрибютрлар көбейіп кеткен. Айта берсе сан алуан сылтау көп. Қысқасы халық жиі тұтынатын тауарлардың  бағасы 1 мен 10 пайыздың аралығында өскен. Министрдің айтуынша, аймақтағы әкімдер азық-түлік бағасын реттеу тетіктерін игере алмай отыр. Осы мәселені қорытындылаған Үкімет басшысы жұмыс тобын құрып, бағаны тұрақтандырудың нақты шараларын әзірлеуді тапсырды. Ал, бағаны өсіруге жол берген шенеуніктер міндетті түрде жауапқа тартылмақ. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...