ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

Бағдаршам туралы қойылым

16:41, 4 қазан 2017

"Қызыл, жасыл, сары және көк". Осындай атаумен "Алақай" қуыршақ театрында балаларға арналған спектакль ұсынылды. Бағдаршам туралы суреттелген қойылымға бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары көп жиналды.

Спектакль "Жол қозғалысы" акциясы аясында қойылды. Тек Ақтөбеде ғана емес, бұған дейін Шалқар, Әйтеке би, Қарғалы, Алға және Мұғалжар аудандарында сахналанды. Режиссері - ресейлік Елена Иванова. Актерлердің айтуынша, қойылым  бүлдіршіндер мен оқушыларға жыл сайын ұсынылады.

Қойылымды 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар тамашалай алады. Онда полиция қызметкері жолдан қалай өту керектігін айтып, жасыл, қызыл және сары түстердің нені меңзейтіні суреттеледі.

Спектакль балаларға жол ережелеріне байланысты бағыт-бағдар көрсетумен қатар, рухани азық болды. Алдағы уақытта жалғасын табады.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
17:38, 12 желтоқсан 2018
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
Толығырақ...