ШҰҒЫЛ! ҮЙ ТОНАУШЫЛАР КӨБЕЙДІ Толығырақ

БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ТӨРТ АУЫЛЫ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

18:55, 8 тамыз 2018

Биыл Байғанин ауданының төрт ауылы газ желісіне қосылады. Бұл туралы бүгін Ақтөбе өңірлік коммуникациялар  қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Жандарбек айтты. Өткен алты айдың қортындысы туралы баяндаған ол, шалғайдағы бюірнеше елді мекенге биыл су тарту көзделгенін жария етті. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.

Соңғы жылдары табиғи байлықты игеруді үдеткен Байғанин ауданы, енді соның игілігін жергілікті тұрғындардың қажетіне жаратуды қолға алған. Биыл газ өндірумен айналысатын "газ процессинг компани" зауыты іске қосылса, өңірді көгілдір отынмен қамту үлесі одан әрі артпақ. Бұл жоба аудандағы ірі елді мекендерді де газбен қамтиды. Қазірдің өзінде, Жарлы Кемерши, Жаңатаң және Бұлақтыкөл ауылдарына көгілдір отын жеткізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Елді мекендерді газбен қамту мақсатына биыл 160 млн теңге бөлінген. Бұдан бөлек, ауыл ішілік құбыр желісін жүргізуге де қомақты қаржы бөлініпті. Сондай-ақ, тағы бес ауыл тұрғындарының таза ауыз су ішер күндері алыс емес дейді аудан әкімінің орынбасары. 

Қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде, көгілдір отын мен орталықтандырылған ауыз су тұтынатын ауыл тұрғындарының үлесі едеуір артпақ. Ал, өткен алты айдағы ауданның әр саладағы көрсеткіштері тәуір. Жергілікті бюджеттің түсімі толық орындалып, тартылған инвестиция көлемі біраз артқан. Негізгі сала ауыл шаруашылық пен кәсіпкерліктің де даму қарқыны жақсы.  

Ауданның білім, мәдениет, өнер, спорттағы жетістіктері де баяндалған брифинг барысында, діннің жат ағымына түскендермен жүргізіліп жатқан жұмыстың оң нәтижелі екені де айтылды. Ал, қазір аудан 90 жылдық мерейтойын атап өтуге қызу дайындалып жатыр. Мерекелік шара осы айдың аяғына жоспарланған.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
18:32, 15 тамыз 2018
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Толығырақ...