ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

Байғанинде 538 адам екі қолға бір күрек таппай отыр

19:21, 14 қараша 2017

Байғанин ауданы 10 айды қорытындылап, ауданның әлеуметтік-экономикалық даумындағы нақты нәтижелерімен бөлісті. Бұл туралы "Ақтөбе-ақпарат" орталығында өткен баспасөз мәслихатында  аудан әкімінің міндетін  уақытша атқарушы Боранбай Базарбек  айтып берді.

10 айдың мәліметі бойынша, Байғанин ауданында 113,8 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, эконмикаға 27,7 миллиард теңге инвестиция тартылды. Облыс әкімдігі мен "Газ Процессинг Компани" арасындағы меморанудмға сәйкес, құны 21 миллиард теңгенің газ өңдеу зауытын салу жұмыстары басталды. Зауыт келесі жылдың соңына қарай іске қосылады. Ал ауыл шаруашылығы саласына келер болсақ, мұндағы өнім көлемі 7,9 миллиард теңгені құрады.

Ауданда кәсіпкерлік нысандарының саны артып, 1 мың 38-ге жетті. Бұл салада өндірілген өнім, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға артып, 707,6 миллион теңгені құрады. Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында елді мекендер ауыз су, көгілдір отынмен қамтылып жатыр. Ебейті, Жарқамыс, Кемершиге су желілері жүргізіліп жатыр.

Қазір ауданда жұмыссыздар саны - 538 адам. "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамтыу" бағдарламасы аясында 30 тұрғын аспаз, газэлектр дәнекерлеуші, электрик мамандықтарына оқып, тұрақты жұмысқа орналасты.  Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Жаңатаң ауылында "Ұлы қабырға" компаниясы құны 87 миллион теңгенің спорт алаңын салды. "Сағыз петролеум" компаниясы 5 миллионға апаттық жағдайдағы Кемершидің ауылдық клубына  күрделі жөндеу жасап берді.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ  ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
20:05, 15 маусым 2018
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
19:42, 12 маусым 2018
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...