ШҰҒЫЛ! 400 АДАМ АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

БАЙҚАДАМ АУЫЛЫНДА ЕКІ ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

20:22, 14 мамыр 2019

Жеңістің рухы биік, даңқы - мәңгі. Шалқар ауданында екінші дүниежүзілік соғысы майдангерлеріне арнап "Батырлар" стелласы мен "Анаға тағзым" монументі  бой көтерді. Қос ескерткіш осы ауылдың түлегінің жеке қаражатынан салынды. Байқадам ауылында өткен шарада бәйге де ұйымдастырылды. 

“Батырлар аллеясы”  фашистік Германияға тойтарыс берген ұлдарды ұлықтап,  ерлігін ұмытпау үшін салынған.  Ерлердің еңбегі өскелең ұрпақ барда жадымыздан өшпейді. Сондай-ақ, ауылда осындай игі істер атқарылып жатса, ол  - елдің тілегі мен ынтымағының арқасы.  Байқадам жұртын құттықтаған аудан әкімі осылай деді. 

Батырлар есімі жазылған тұғырдың биіктігі 12 метр. Ал  “Анаға тағзым” монументінің биіктігі 6 метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары бір айда біткен. Алдағы уақытта аумағы   1 мың шаршы метр болатын саябақ салынады. Тротуар тақталары төселіп, шамы орнатылады.

Жалпы құны 21 миллион теңгені құрайтын ескерткішті кәсіпкер Бердібек Шәкірбекұлы ауыл тұрғындарының игілігіне жеке қаражаты есебінен салып берген. Ауыл азаматы тек мұнымен шектелмей, жастар жылына орай  аудан орталығынан  "Жастар сарайын" салуды жоспарлап отыр.

Елдік пен ерлікті паш еткен нар тұлғаларға құрмет Байқадам ауылдық мәдениет үйінде  жалғасын тапты. Тарихи-танымдық шарада тыныштық заман орнатқан жеңіс жауынгерлерінің жанкештілігі дәріптелді. Патриоттық әндер шырқалып, көрініс қойылды. Жеңіс мерекесі соңында облыстан келген бапкерлер сәйгүліктерін бәйгеге қосты. Жүлде қоры 1 млн теңге болған дүбірлі додада  оза шапқандар бағалы сыйлықтарға ие болды.

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:11, 23 тамыз 2019
"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
19:44, 23 тамыз 2019
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...