ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ: 906-606

19:25, 7 шілде 2020

906-606! Колл орталық тәулік бойы, үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Мұндағы мамандар қызуы көтеріліп, түшкіріп, жөтелгендерге кеңес береді. Сонымен бірге тұрғындарды мазалаған кез келген сауалдың жауабы дайын.  Медициналық университет жанынан ашылған облыстық колл-орталықтың жұмысы туралы әріптесім Дархан Мектепбай айтады  
Медициналық университеттің дәрігері Алтын Асқарованың жұмысы қауырт. Міне, тағы бір тұрғынның қоңырауын қабылдап,  оған кеңес беріп жатыр. Әлемді жайлаған тосын індет Алтын секілді денсаулық сақтау саласы мамандарын бұрынғыдан бетер ширатып жібергендей. 
Аққағаз Досжанова атындағы мәжіліс залында ашылған колл-орталыққа бірер күнде үш мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Айта кету керек, бұл орталықтағы мамандар тәулік бойы жұмыс істейді. Бас ауырып, балтыр сыздап жатса, 906-606 нөміріне кез келген уақытта хабарласуға болады. 
Орталық өңірдегі ахуал жақсарғанша жұмысын жалғастыра береді. Мұндағы әр түрлі саланың оннан астам өкілі тұрғындарға кеңес беріп, көмек көрсетеді.

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар