ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

"Бақытты бала жылы" жобасы жүзеге асырылуда

15:20, 13 наурыз 2018

Ақтөбе облысындағы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер мыңға жуық жетім баланы қамқорлығына алды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен кездесуде «Бақытты бала» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды.

Ақтөбе облысында 2018 жыл Бала жылы деп жарияланып, оның шеңберінде «Бақытты бала» ауқымды жобасы іске асырылуда. Бұл жобаға Білім және ғылым министрлігі, отбасы және балалар мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар мен қайырымдылық қорлары қатысады. Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, қазіргі уақытта жоба 8 блокта белсенді түрде жүзеге асырылуда. Робототехникадан облыстық ашық чемпионат өтті. 1 маусымға дейін  барлық аудандарда робототехниканың ресурстық орталықтары ашылады. Сондай-ақ, «Бағдарламалау негіздері» факультатив курсы, семинарлар, конкурстар мен цифрлық сауаттылық деңгейін көтеру бойынша халықаралық чемпионаттар өткізу жоспарлануда.

Роботехника болсын, басқа болсын, заманауи компьютер ғылымына балаларды үйрету үшін алдымен сауатты мамандарды даярлау керек. Алынған жабдықтар музей экспонатындай шаң басып тұрмауы, пайдаланылуы тиіс деді өңір басшысы.

Бала жылы аясында мүгедек балаларға биыл ерекше көңіл бөлінеді. Оларға «Кедергісіз білім беру» талабы бар. Мамыр айында аутизмі бар балаларға арналған коррекциялық орталық ашылады. Бұдан басқа, ерекше қажеттілігі бар балалар үшін 180 орындық балабақша мен тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларды оңалту орталығы ашылмақ. Жыл басынан бері «Дені сау болашақ» блогі аясында облыс мектептерін спорт жабдықтарымен және құрал-саймандармен жарақтандыру үшін 95 млн теңге бөлінді.

Жобаны жүзеге асыру кезінде балаларды жан жақты қолдауға басымдық берілді. Бүгінде кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған 938 баланы өз қамқорлығына алған. Олар биылғы жылдың қаңтар-ақпан айлары ішінде балалардың тұрғын үй жинақ банкіндегі есеп шоттарын 12,7 млн. теңгеге толтырды. Жоба басталғалы бері үш жетім бала баспаналы болды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Балаларға білім алуы, денсаулықтарын нығайтулары үшін барлық мүмкіндік берілуі керек. Жобаның басты мақсаты - балалардың интеллектуалдық, физикалық, рухани және адамгершілік дамуына қолайлы жағдай жасау. Оны тиімді іске асыру үшін білім басқармасы тарапынан және басқа мүдделі органдардан жақсы үйлестірілген жұмыс қажет. Біз балаларға мейірімді болу үшін қолымыздағы барлық мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек

Бұдан өзге, білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан жиын аясында «Аналарға тағзым» жобасының жүзеге асырылу сұрақтары қаралды. Талқылаудың қорытындысы бойынша өңір басшысы аталмыш жобаны жүзеге асыру жұмысын жандандыруды тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...