ШҰҒЫЛ! МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

БАЛА ДАУЫСЫНА ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

18:42, 12 сәуір 2019

Бүгін Ақтөбеде "Бала дауысы" байқауына іріктеу өтті. Жас өнерпаздардың жұлдызын жағатын жобада бап пен бақ қатар шапты. Оған 200-ден астам бала қатысып жатыр. Қазылар алқасының талабы қатаң. Оны Жанар Датқызы көріп қайтты.

Димаш Құдайберген бүгінгі буынның кумирі. Балғындар байқауға сүйікті әншілерінің репертуарынан ән шырқамақ. Талапқа сай, әр қатысушы үш әннен орындайды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. 

Қатысушылардың кәсіби музыкалық білімінің бар-жоғы маңызды емес. Бастысы-бойындағы талант,-дейді ұйымдастырушылар. "Бала дауысы" байқауы осымен 4-рет ұйымдастырылып отыр.  Мақсаты-ел арасынан нағыз дарабоз талантты тауып, оның үлкен сахнаға шығуына жол ашу.

Финалға тек бір бала шығады. Жеңімпаз Алматыда екі апта бойы жұлдызды тәлімгердің тәрбиесінде болады. Ал ақтық сын күзде республика сарайында өтеді.

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
19:32, 24 сәуір 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
18:36, 24 сәуір 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
19:06, 19 сәуір 2019
БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
17:29, 23 сәуір 2019
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...