ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛЫП ЖҮР МЕ?

21:28, 18 қыркүйек 2019

"Адам құқығы-бала құқығын қорғаудан басталады". Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес мүшелері осындай пікірде. Елордадан арнайы келген жұмыс тобы өңіріміздің 9 ауданын аралап шықты. Қорытынды қандай? Жанар Датқызы әңгімелейді.Қадағалаусыз өсіп жатқан жасөспірімдер, өз отбасында зорлық көрген балалар, ерте жүкті болған жасөспірім қыздар. Астаналық мамандарды Ақтөбедегі статистика шошытты. Өңірде кәмелетке толмаған 45 қыз жүкті болып қалған. Білім беру мекемелері мен құқыққорғау органдары жасөспірімдермен жұмысты шұғыл күшейтуі тиіс.

Мектептерде сенім телефондары жұмыс істемейді. Баласын қарамайтын берекесіз отбасылар тізімі бар, алайда олар бақылауда емес. Маскүнем ата-аналарды бірден құқығынан айыру ұсынылды.

МӘНСИЯ ЕСҚАЗИНА /БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ

-Жағдайы жоқ отбасыларды араладық. Қуықтай жерде пәтер жалдап отырған бір отбасында болдық. Әйелдің азаматтық некеде тұрып жатқан ері удай мас, үнемі арақ ішетіні анықталды. Аядай жерде 10 және 11 жастағы екі қыз бала өсіп келеді. Бұл қыздардың болашағына зор қауіп төніп тұр. Біз  ішімдік ішетін әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы арыз жазып кеттік.

Ерте жүктілік-зорлықтың белгісі. Заңмен жазаланады. Мұны көпшілік біле бермейді. Ересектер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту керек,-деген пікірде комиссия мүшелері.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес мүшелері екі күннің ішінде облыс орталығы мен 9 ауданды аралады. Балалар мен зорлық-зомбылық көрген әйелдер үшін әлеуметтік қызмет түрлерін көбейту, полицейлер мен әлеуметтік педагогтардың жұмысын күшейту туралы ұсыныс жасады.

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...