ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

19:21, 18 мамыр 2020

​ Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп, балабақша жұмысы кейінге шегерілді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері жаңа Қаулы шығарды. Құжатта блокпостардағы санитарлық-карантиндік бақылау жұмысын күшейту тапсырылды. Басқа өңірлерден келетін адамдарды, оның ішінде Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысының тұрғындарын лабораториялық әдіспен тестілеу арқылы өткізу үшін 2 тәулік карантиндік стационарда оқшаулау қажет. Кейін 14 күн үй карантинінде бақылауды жалғастырады. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ қонақ шақырып, садақа жасауға, діни нысандарға баруға тыйым салынады. Ауданы 2 мың шаршы метр болатын азық-түлік емес дүкендерді, спорт объектілерін, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және адамдар көп жиналатын басқа да объектілерді, мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтарды, вокзалдарды ашу, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуді кейінге шегерілді.  Жазғы сауықтыру лагерлері, фитнес клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейн, аквапарк, бильярд, боулинг орталықтары, компьютерлік интернет-клубтар, ойын залдары, букмекерлік кеңселер, лото ашылмайды. 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар