ШҰҒЫЛ! Оқушылардың ас мәзіріне енді ара балы қосылады Толығырақ

Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді

17:20, 16 қараша 2017

Баланы балабақшаға апарамын деп, жұмысқа кешігіп қалмау. Сағат 8-де жұмысы басталатын ата-аналар осындай мәселеге бас қатырып жүр. Әсіресе, кәсіпорындарда, зауыттарда жұмысы таңда ертемен басталатын аналар бұл мәселенің шешімін таппадық дейді. Арнамызға шағымын жеткізіп келген Айнаш Зейнолдинаның сұрағын тілшілеріміз бағамдап көрді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бала таңертең сағат 8-ден кешкі алтыға дейін болады. Айнаш Зейнолдина қала сыртында орналасқан кәсіпорынның қызметкері. Ол міндетті түрде таңғы 7:45-те жұмыста болуы тиіс. Балабақша есігін сегізде ашатындықтан, ол бір сағатқа баласын қайда қалдырарын білмей қиналып жүрмін дейді. Ақтөбе сияқты өндірісті қаланың балабақшалары жұмыс кестесін жетіден бастаса екен деген ұсынысы бар.

Бұл мәселеден хабардар қалалық білім бөлімі еңбек кодексі талаптарына сәйкес, балабақша тәрбиешілерін жетіден жұмысқа кел деп міндеттеуге тиісті емеспіз дейді. Заң бойынша, олардың жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.

Айнаш сияқты жұмысы ерте басталатын ата-аналар көп. Жұмыс кестесінің уақытын өзгерту мәселесі әр балабақшада жеке, немесе қосымша топтарды ашу мүмкіндігімен шешіледі.

ӘСЕМ  ЫБРАЙЫМОВА, "БАЛ  БАЛА" БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

- "Балбала" балабақшасында" 4 топ, яғни барлығы 120 бала тәрбиеленіп жатыр. Оларды таңғы сағат 8-ден қабылдаймыз. Кешкі алтыға дейін бүлдіршіндер осында. Егер де, ата-аналар өтініш білдіріп жатса, келісімшарт жасап, баланы таңғы жетіден қабылдайтын топ ашуға дайынбыз.

Ақтөбеде бүгінде 123 балабақша жұмыс істеп тұр. Оның 51-і мемлекеттік, 72-сі жекеменшік балабақша.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
20:12, 13 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
18:11, 7 желтоқсан 2017
Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
Толығырақ...
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
15:14, 11 желтоқсан 2017
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
Толығырақ...