ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

БАЛАҒА КӨМЕК КЕРЕК

16:20, 13 қаңтар 2021

Он жастағы Сағыныш Қадірбаевтың екі аяғын қатар басып жүруі мұңғы айналды. Он екі мүшесі сау бүлдіршінді кішкентайында ойын балалары құлатып алған. Қазір оқушыларды онлайн сабақ оқуға пандемия мәжбүрлесе, Сағыныштың мұндай оқу жүйесімен білім алуына денсаулығындағы кінәраты себеп. Ол 1-ші кластан бастап қашықтан оқып келеді. 

Сағыныш екі аяғын тең баса алмайды. Бір аяғы екіншісінен қысқа. Бұл бойы енді өсіп келе жатқан баланың денсаулығына кері әсерін тигізді.  

Осыдан 10 жыл бұрын арбада қамсыз жатқан 6 айлық сәбиді көтермек болған туыстары қолынан түсіріп алып, өміріне қауіп төндірген. Оң аяғы тобығынан сынып, қайта қалпына келмеген. Сол жылдары дер кезінде қажетті көмек те көрсетілмеді. Қазір Сағыныштың ата-анасы оның осы жағдайға тап болуына кімді кінәларын да білмейді. Бала қамымен ауылдан қалаға қоныс аударды. Пәтер жалдап тұрады. Тұрақты жұмысы жоқ. Тұрмыс тауқыметін тартқан отбасы ем-дом үшін көмек қолын созар қайырымды жандардың қамқорлығына мұқтаж. Редакциямызға хабарласып, жағдайын түсіндірді. 

Елордадағы Ана мен бала орталығының дәрігерлері бала 11 жасқа толған кезде ғана ота жасаймыз деген. Үміт отын жағар күн де алыс емес. Маусым айында Сағыныш 11 жасқа толады. Ата-анасының бар сенімі дәрігерлерде.

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар