ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

12:43, 18 ақпан 2020

Әр бала бақытты болуға лайық. Жайсаң орта мектебінің тәрбиеленушілері үшін бүгін нағыз мереке ұйымдастырылды. «Қамқоршылық-забота» қайырымдылық қоры «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен бірлесіп балалардың көңілін көтерді, тәтті сыйлықтар үлестіріп, Ақтөбенің көрікті жерлерін аралатты.  Үлкен ойын алаңын көрген балалардың қуанышында шек жоқ. Олар асыр сап ойнады, алаңсыз сырғанады. Мұнда лего, арқанды парк, ауадағы хоккей мен құрғақ бассейн бар. Бұл қайырымдылық қорының тартуы. 

ҚАНАҒАТ БАЗАРБАЙ
Айта кетейік, Жайсаң орта мектебінде аз қамтылған отбасының 102  баласы тәрбиеленуде. 9 бала тұлдыр жетім. «Забота» қоры дәл осы мемлекеттік мекемедегі ерекше күтімді қажет ететін балаларға 10 жылдан бері жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бұл үлкен қамқорлық екені сөзсіз. 

СВЕТЛАНА  АНДРУСЕНКО 
ТӘРБИЕШІ
Балалар өте қаунышты. Шын ниетпен жасалған игі істердің бәрін түсінеді.  Мұндай балалар тәрибеші, ата-аналардан бөлек, қоршаған орта қуанышқа, махабатқа толы екенін сезеді. Біздің балалар өте қайырымды, оны сөзбен жеткізу қиын. Тек жүрекпен сезінесің. Балалардың өз қатарластарынан еш айырмашылығы жоқ. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар