ШҰҒЫЛ! 7 жасар спортшы әлемдік рекорд орнатпақ Толығырақ

Балаларға тегін балмұздақ

18:30, 11 тамыз 2017

Мәртөк ауданының күндері өтуде

"Туған жерім - нұрлы елім" акциясы аясында облыс орталығында Мәртөк ауданының күндер өтуде. Мерекелік шара үш күнге жоспарланған.  Кеше кешкілік, Пушкин саябағында мәртөктіктер балаларға арнап ерекше тарту жасады. Саябаққа келген бүлдіршіндер үшін  тегін балмұздақтар таратылды. Ертегілер әлеміне саяхат жасайды. Турмаршруттар ұйымдастырылды. Мәртөктік өнерпаздар концерттік бағдарлама өткізді. Мерекелік шара жоғары деңгейде болды. Аудан күндері аясындағы шаралар бүгін де жалғасын табады. Қарттар үйінде концерттік бағдарлама, бизнесті дамыту мақсатында іскер әйелдер клубымен бірлескен шара өтті. Бұдан бөлек, волейбол, футболдан жолдастық кездесу және ретро паркте "Славян базары" көрермендерге ұсынылды. Ал, негізгі шаралар Сенбі тамыздың 12-не жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

7 жасар спортшы әлемдік рекорд орнатпақ
18:28, 12 желтоқсан 2017
7 жасар спортшы әлемдік рекорд орнатпақ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
18:11, 7 желтоқсан 2017
Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
Толығырақ...