ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ

18:16, 9 қазан 2018

Ақтөбе облысында өткен сенбі күні жоғалған екі адамның денесі судан табылды. Құтқарушылар мен еріктілер оларды үш тәулік бойы іздеді. Марқұмдардың бірі 31 жастағы мектеп директоры Бақтыгерей Тәжмағанбетов болса, екіншісі Алға қаласының тұрғыны Нұржан Маханов.

Бақтыгерей Тәжмағанбетов Қарақұдық ауылындағы  орта мектепке 2 жыл бұрын ғана ауысып келген. Әріптестері ол туралы тек жақсы пікір айтады.  Болған жайды естіп, оқушылар да, мұғалімдер де есеңгіреп қалды.

Туыстарының айтуынша, марқұмның жанында бес адам болған. Олар Бақтыгерей  Тәжмағанбетов пен Нұржан Махановтың қайыққа отырып, қамыс тасасына кетіп қалғанын ғана көрген.

Бұған дейін құтқарушылар жоғалғандардың бас киімі мен күртешесін ғана тапқан еді. Су астының лай  болуы іздеуге біраз қиындық келтірген. Ал, бақилық болған мектеп директоры бір үйдің жалғыз ұлы екен. Екі жыл бұрын ғана үйленген, бала сүйіп үлгермеген.

Жақсыбек Кемал

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
17:38, 12 желтоқсан 2018
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
Толығырақ...