ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

"BAQYTTY BALA" ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

13:44, 14 шілде 2019

"Бақытты бала" байқауына әлемнің тоғыз елінен келген жас таланттар қатыспақ. Ақтөбеде осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған халықаралық шараның талаптары қандай? Қазылар алқасының құрамында кімдер бар? Бүгін өнер орталығында шара ұйымдастырушылары баспасөз мәслихатын өткізді. Ертең Ақтөбеде "Baqytty bala" 2-ашық балалар вокалдық фестивалі өтеді. Ақтөбе мәдениетінің брендіне айналған байқауға-Украина, Ресей, Белорусь, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Грекия, Канада, Молдова елдерінен жас өнерпаздар келген. Дәстүрлі байқау шаһарымыздың 150 жылдығына орайластырылып отыр. Қазылар алқасының құрамында әлемге танымал әншілер мен композиторлар бар. Мәселен, Украиналық Аида Николайчук, "Голос" тележобасының жеңімпазы, грузиялық  Нини Цинобиладце мен ресейлік композитор Евгений Евзеров бар. Димаш Құдайбергеннің ұстазы Марат Әйтімов пен Ұлықпан Жолдасов та арнайы шақырылған.

АИДА НИКОЛАЙЧУК /ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ

- Біз қатысушылардың біреуіне бауыр баспайық деген ниетпен,  ешқайсысымен танысып, сөйлескен де жоқпыз. Бүлдіршіндерімізге сәттілік тілеймін. Талантты балғындарға тек алға дегім келеді. Бұл сайыс әділ өтеді. Қатысушылардың барлығы мықты, балалардың барлығы да сүйкімді. Сүйсінбеу мүмкін емес. Қазір олар дайындық үстінде.

"Бақытты бала"  фестивалі Димаш Құдайберген мен "ДимашАли" продюсерлік орталығының жетекшілік етуімен ұйымдастырылуда. Ал шараның жоғары деңгейде өтуіне Димаш Құдайбергеннің саунд-продюсері Ерлан Бекчурин, қазақстандық композитор Ұлықпан Жолдас пен режиссер Анна Обоянская бар күшін салмақ. Дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. ¤

АННА ОБОЯНСКАЯ /"БАҚЫТТЫ БАЛА" БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОЮШЫ РЕЖИССЕРІ

- Жаңа достар, жаңа мүмкіндік, жаңа елдің мәдениеті мен тарихымен танысу. Ең бастысы миллиондардың кумирі Димаштың туған жерін көру. Балалар шыңдалады. Өйткені, байқауға қатыспас бұрын қатысушылар көптеген шеберлік сағаттарына қатысты, дайындалды.  

"Бақытты бала" вокалдық фестивалі 10-14 шілде аралығы Өнер орталығында өтеді. Наргиз Жанұзақ пен Ержан Максим фестивальдің арнайы қонағы болмақ. Әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеннің де гала-концертке қатысуы ықтимал. Ал Димаштың фанаттары әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды. Сүйікті әншілерін "Бақытты бала" байқаунынан көруге үмітті. Айта кетейік, Өнер орталығында өтететін халықаралық шараға билеттер сатыла бастады. Бағасы 300 теңгеден басталады.

Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
19:05, 17 қаңтар 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
19:04, 17 қаңтар 2020
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
16:26, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
Толығырақ...
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:17, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...