ШҰҒЫЛ! ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ Толығырақ

БАСПАСӨЗГЕ ШОЛУ

23:31, 28 ақпан 2020

 Қайырлы кеш, құрметті көрермен. «Газет - халықтың көзі, тілі һәм құлағы». Баспасөзде жарияланған мақалалардың  маңыздысы біздің арнада. Мәдениет пен қоғам, медицина мен саясат саласында нендей жаңалық?! «Баспасөзге шолуды» жіберіп алмаңыз! Наурызда Ақтөбеге Абай елінен жылжымалы көрме келеді. Бұл туралы «Ақтөбе» газеті  «Мерейтойлар мерейлі істерге толы өтпек» деген атпен  мақала жазыпты. 5 наурызда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Семей жерінен келген Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының жылжымалы көрмесі ашылады деп күтіліп отыр. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойлары шеңберінде де осындай көрмелер ұйымдастырылмақ. Мерейтойлар аясында, жалпы, 160-тан астам шара жоспарланған. Туристерге қолжетімді ақпарат ұсыну  мақсатында арнайы мобильді қосымшаны іске қосу үшін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына ұсыныс жолданды. Бұл ақпарат  «Қобда ауданы: төрт бағыт және отыз мың турист» атты мақалада қамтылған.  Өткен жылдың өзінде ғана батырлар мекеніне 30 мыңнан астам саяхатшы келіпті.  Олардың арасында Ресей мен Қытайдан өзге Германия, Канада, Шотландия, тіпті Франция елдерінен келген шетелдік азаматтар бар. Бүгінде аудан бойынша тарихи маңызы бар 4 орынға туристік маршрут жасақталған. Олар: Абат-Байтақ кесенесі, Қобыланды батыр мемориалдық кешені, ұлт-азаттық  көтерілісінің қолбасшысы Исатай Тайманұлының кесенесі және «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы.Адам өмірі - медицинаның негізі. «Трансплантация өмір сыйлайды» деген атпен «Ақтөбе» газеті көлемді сұқбат жариялады. Автор медицина ғылымдарының докторы, профессор, Органдар трансплантациясы жөніндегі үйлестіруші Жақсылық Досқалиевтен саладағы қиындықтар мен жаңа технологиялар туралы сұрап білді.  "Трансплантация - медицинаның шыңы. Елімізде ересектерден бөлек, балалардың ішкі органдарын  ауыстыру бойынша да ота жасалып жатыр. Жасанды жүрек қалпақшасын салу, фетальды жасуша мен діңгек (стволовые) жасуша арқылы емдеу әдістері қолданылады. Соңғы екі әдістің отаны - Ақтөбе. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, ішкі органдарды ауыстыру секілді аса күрделі, жоғары технологиялық медициналық қызметтер біздің елімізде тегін көрсетіледі". Ақтөбеге кәріздік тазарту құрылғыларын салу қажет. "Егемен Қазақстан" өңірдегі осы проблема туралы жазды.  Сұрақ сізді де алаңдатса "Заманауи кәріз жүйелері керек" деген атпен жарияланған мақаланы оқып шығуға кеңес беремін. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің айтуынша, оның техникалық-экономикалық не­гіз­­­демесі әзірленуде. Әйтсе де дәл қазір кәріздік тазату құрылғысын жаңадан са­луды қаржыландыру мәсе­ле­­сі толық шешімін тап­паған сыңайлы. Әзір­ге инвесторлармен келіс­сөз­­дер жүргізіліп жатыр. 
​Баспасөз бетіндегі маңызды мақалалар легі осындай. Дархан, сөз кезегі өзіңде!

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
22:18, 3 сәуір 2020
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар