ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ФОРУМЫ ҚОРТЫНДЫЛАНДЫ

19:23, 14 қыркүйек 2018

Ақтөбеде Елбасының бес әлеуметтік бастамасы сәтті орындалып жатыр. Бұл туралы қаламызда өткен бастауыш партия ұйымдарының аймақтақ форумын қортындылау барысында айтылды. Бастаманың әрбір бағыты өзге өңірлерге үлгі боларлық деді "Нұр Отан" партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова. Пленарлық отырысқа қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің атқарылу барысы туралы баяндады.

Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыруға бағытталған аймақтық форум жұмысы екі күнге созылды. Оған елдің батысындағы төрт облыстан аумақтық филиал төрғаларының орынбасарлары, белсенді партия мүшелері қатысты. "Нұр Отан" партиясының хатшысы Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен жиында, бастауыш партия ұйымдарының ісін жандандыруға арналған тұжырымдама жобасы талқыланып, ұсыныс - тілектер айтылды. Пленарлық отырысқа қатысқан облыс әкімі партияның беделін арттыруға баса көңіл бөлу керектігін атап өтіп, мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасына тоқталды.    

Елбасы жариялаған бес бастаманың әрбір бағытының орындалуына ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Азаматтарды тұрғын үймен қамту, табысы төмен отбасыларды салығын азайту, шағын және орта кәсікерлікке қолдау көрсету секілді бағыттардан басқа, ел президентінің өзге де тапсырмалары орындау басты міндет екенін атады.

Ал, "Нұр Отан" партиясының бағдарламалары Ақтөбе өңірінде сәтті жүзеге асырылып келеді. Бүгінде аймақта жүздеген мың мүшесі бар. Ірі кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарда бастауыш ұйымдары жұмыс істейді. Енді олардың ісін жандандыру үшін Елбасының тапсырмасына сай тұжырымдама жобасы бекітілген.

Екі күн бойы тұжырымдама жобасын талқылаған партиялықтар жұмысты белсенді ету үшін өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Мақсат-міндеттерді сапалы жүзеге асыру керектігін басты орынға қойды. Сондай-ақ, партия қатарына қабылдау тәртібіне де өзгерістер енгізілуі керек деді.

Аймақтық форум барысында айтылған ұсыныстар мен ой-пікірлер жинақталды. Бұған дейін мұндай шара еліміздің әр аймағында өткізілген. Енді қортынды жиын биыл жыл соңына дейін Астанада өтпек. Ал, партияның беделін арттыру жұмысы одан әрі жалғасын табу керек деді облыс әкімі

Жиын барысында, облыс әкімдігі мен "Баспана" ипотекалық компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Құжат Ақтөбеде 870 мың шаршы метр тұрғын үй салуға бағытталған. Ол үшін облыс әкімдігі 2 млрд теңге бөлетін болады. Бұл өз кезегінде саланың ісін одан әрі жандандыруға және халықтың осал тобы өкілдерін үймен қамтуға септігін тигізетін болады.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЁТ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ
19:21, 21 қыркүйек 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЁТ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...