ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ

17:31, 18 наурыз 2019

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ойдағы жұрт - Ойыл ауданына барды. Өңір басшысының жұмыс сапары ауданның әлеуметтік нысандарын, ең өзекті проблемаларын қамтыды. Тұрғындармен кездесуінде қоғамға ортақ мәселелер көтерілді. Әсіресе, Елбасының халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты тапсырмасын Ойылда қалай орындаймыз деген мәселе арқау болды. 

Облыс әкімінің жұмыс сапары алдымен үлкен жолдан бұру жатқан   Бестамақ ауылынан басталды. 200-ден астам тұрғыны бар шағын ауылда жергілікті билік 2017 жылы мектеп салып бастаған. Бірақ сақалды құрылысқа айналған жоба аяқталмай әлі тұр. Мерзімінде бітіре алмасаңдар, халыққа уәде бермей керек. Облыс әкімі жауапты басшыларды осылай сынады. Қатаң ескерпе есіткен жауаптылар биыл мектеп пайдалануға беріледі деп уәделерін үйіп-төкті.  

Ойыл тұрғындарының көңілін ортайтқан мәселе бір бұл ғана емес, ауданда тозығы жеткен нысандар бар. Жөндеуді қажет етіп тұрған ветеринария бөлімін және өрт сөндірушілердің ғимаратын өңір басшысы өзі барып көрді. Он жыл бұрын салынған орталық аурухананың да кем-кетігі облыс басшысының назарынан тыс қалмады. Бұдан бөлек, саз мектебі де күрделі жөндеуді күтіп отыр. Оңдасын Оразалин ғимаратты тарихи қалпын жоғалтпай жөндеу әдісін қолдану керек деді. Ал мәдениет үйінде аудан билігі облыс әкіміне жасалған жұмыстардың көрмесін ұсынды. Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын ұлықтауды ұмыт қалдырмады. Көкпар тартып, ұлттық спортты дамытамыз десті.

Бұдан соң, облыс әкімі ойылдықтармен кездесу өткізді. 7 округі, 22 ауылы бар аудан 18 мың тұрғынның мекені. Негізінен облыс бүйірінен бөлінетін қаржыға қарап отырған ауданның тірлігіне тың серпіліс керек. Өңір басшысы екі айдың есебін баяндаған аудан әкімі Дастан Сағыровтан мал-жанның есебін сұрады. 

Елбасы тапсырмасына сай, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін табыстың көзін табуды аудан басшылығы ұйымдастыруы тиіс. Оңдасын Оразалин осылай деп бағыт берді.

Ақ тарының атасы атанған Шығанақтың отанында тары тапшы болуы тиіс емес. Малды өңірде төрт түлік те тең өруі керек. Облыс әкімінің ескерген мәселесін тұрғындар да құптай түсті. 

Облыс әкімі Ойылдың орманы қазақтың байлығы деді, Шөбі шүйгін, малға жайлы өлкеде шаруашылықты түзеу керек деп тапсырды. Ал аналар жағы ауылда ер азаматтар еңбек еткісі келмейді дегенді айтып қалды. Себебі көпбалалы отбасыларға бөлініп жатқан жәрдемақыға иек артып отырғандардың бары рас.

Тәрбие - тал бесіктен. Жастар жалқау болмасын десек, табысты болуға тәрбиелеуіміз керек деді ақсақалдар да

Кездесуден соң, облыс әкімі жеке сұрақтары бар тұрғындарды қабылдады. Қыстың көзі қырауда баспанасы өртенген екі отбасының жағдайын барып көрді. 3-ші топ мүгедегі Ержан Еңсегеновке және алты баласы бар ана Нұргүл Кәженоваға өртенген үйлерін қайта жөндеп беруді немесе жаңа баспана жағын қарастыруды Оңдасын Оразалин аудан әкіміне тапсырып, мәселе өз бақылауында болатынын айтты.

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
22:06, 20 маусым 2019
ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21:49, 20 маусым 2019
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
21:41, 20 маусым 2019
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар