ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

БАСТЫ ТАЛАП - МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ

19:31, 12 маусым 2018

Ақтөбедегі медицина кластерінің құрылғанына екі жылға жуықтады. Осы аралықта облыс тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жарым жасты құрап отыр. Мұндай деректерді бүгін дәрігерлердің бас қосуында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев келтірді. Ол өңір басшысы қатысқан жиында 5 айдың қорытындысын баяндады.

Ақтөбеде құрылған медициналық кластер көпсалалы аурухана, балалар клиникалық ауруханасы және клиникалық-диагностикалық орталық сияқты үш мекемені біріктірген болатын. Нәтижесінде, ересектерге және балаларға арналған стационар ұлғайып, қосымша учаскелер ашылды. Трансплантациялау және нейрохирургиялық күрделі оталар жасалды. Енді, бұл жұмыстар мұнымен шектелмейді. Мақсатты даму бұдан да кеңірек.

Медицина кластері құрылғаннан бері жергілікті дәрігерлер 43 мыңға жуық науқасты емдеді. Олардың 5,5 мыңы көршілес төрт облыстың тұрғындары. Келер жылдан бастап, пациенттер 11 мамандандырылған орталықтан бөлек, ревмотологиялық, аллергологиялық орталықтарға және тыныс алуды қолдау бөліміне бара алады.

Жиында өзекті сұрақтар қойылды. Оның ішінде туберкулезбен ауыратын науқастарды сауықтырғаннан кейін, әлеуметтендіру мәселесі көтерілді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі кейбір дәрігерлердің этика нормаларын сақтамайтындығын, науқастарға қызмет көрсеткенде мәдениетті болу қажеттігін ескертті.

Денсаулық сақтау саласындағы кейбір нысандардың құрылыс жұмыстары да белгілі болды. Биыл өңірдің барлық елдімекендерінде медициналық пункттер ашылады. Ал, облыс орталығында перинаталды, онкогемотологиялық орталық пен чекап бөлімшесінің құрылысы басталды. Бұдан бөлек, ақ халаттылардың баспана мәселесі де шешілетін болады.

Жұлдыз Алмасқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар