ШҰҒЫЛ! КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ Толығырақ

БАТЫР АУЫЛЫНА МӘДЕНИ САПАР

17:54, 11 ақпан 2019

"Атамекен "аталар және  "Асылым" әжелер ансамблдері Қобда ауданына мәдени сапармен барды. Талдысай тұрғындары қариялардың концерттік бағдарламасын тамашалады. Ал Әлия ауылында ансамбль мүшелері батыр рухына тағзым етті.  Бұл шара Елбасының "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Қобда ауданына сапар алдымен жергілікті тұрғындармен кездесуден басталды. Ансамбль жетекшісі Еркін Құрманбеков туған өлкені дамуына үлес қосып жүрген ауыл азаматтарын алғыс хатпен марапаттады. Кітапхана қорына кітаптар тарту етті. Қыз Жібек жырының кейіпкері Шегенің ариясы, Шәмші мен Әсет Бейсеуов  әндері тағы басқа ел есінде қалған есті дүниелер орындалды.

Құлақтан кіріп бойды алған ән мен күйді тыңдауға талдысай ауылының ғана емес, іргелес елді мекендердің тұрғындары да келді. Олар қос ансамбльдің концерттік бағдарламасын жылы қабылдады, алғыстарын жеткізді.

Кейін ансамбль мүшелері Әлия ауылына ат басын тіреді. Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қаһарман қыздың рухына құрмет көрсетті.

Бұл мәдени сапар Ақтөбе қаласының 150, Қобда ауданының 90 жылдығы мен «Нұр Отан»партиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Қариялар ансамблі алдағы уақытта облыстың барлық ауыл-аймағын түгел араламақшы. Әнмен ғана шектелмей жастар тәрбиесіне ден қойып, рухани жобаларды жүзеге асырмақ.

Азамат ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:12, 22 ақпан 2019
СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
18:11, 22 ақпан 2019
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
19:31, 19 ақпан 2019
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...