ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

​БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

19:58, 11 маусым 2019

Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына  арналған бейнероликтер байқауы жарияланды. Оған  қаламыздың кез-келген тұрғыны қатыса алады. Басты шарт: 3 минуттан аспайтын ерекше бейнеролик әзірлеп, тапсыру.  Байқаудың мақсаты қандай? Жүлде қоры қанша? Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұйымдастырушылар айтып берді. Бұл - байқауға қатысушылардың бірі Әсия Еспаеваның туындысы. "Күн сәулелі портрет" деп аталады. Әлеуметтік бейнеролик  даун синдромына шалдыққан балалардың шығармашылығына арналады. Санаулы уақыт ішінде автор ерекше балалардың жан дүниесін түгел көрсетуге тырысқан.

ӘСИЯ ЕСПАЕВА /КИНОРЕЖИССЕР

"Күн сәулелі портрет" туындысынан бөлек, тағы 2 бейнеролигімді байқауға ұсынып отырмын. "Бақыт"туралы фильм суретші Бейсенгүл Көбекова жайында, "Киокушинкай каратэ" деп аталатын шығармам киокушинкай каратэ спортынан  ел чемпионы туралы. Байқауға қатысу арқылы- сүйікті шааһарымыздың мерейтойына бір үлесімді қосамын деп үміттенемін. Әріптесіміз, Ақтөбе арнасының таспагері Руслан Елтаев та бұл байқауда бағын сынауда. Талантты оператор Ақтөбенің қым-қуыт тіршілігін 3 минутқа сыйдыра білген.  Әзірге байқауға осы іспеттес 7 автордан 20-ға жуық жұмыс келіп түскен. Ұйымдастырушылар маусымның 15-не дейін  бейнероликтерді қабылдайды.Үздіктерді Қазақстанның мәдениет қайраткері, танымал сатирик Нұрлыбек Жұбатқан бастаған қазылар алқасы анықтайды.  Бас жүлде-70 мың , байқаудың екінші орын иегері - 50 мың, үшінші жеңімпазға 30 мың теңге көлемігде ақшалай сыйлықтар бар.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

​КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР КӘСІП АШУҒА ЫНТАЛЫ
19:11, 21 қазан 2019
​КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР КӘСІП АШУҒА ЫНТАЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...