ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

БЕКІРЕГЕ ТӨЛҚҰЖАТ БЕРІЛЕДІ

16:52, 8 қазан 2019

Бекіре тұқымдас балыққа төлқұжат беріледі. "Ардағым" қожалығы Қарғалы ауданының аумағында 25 жылдан бері балық шаруашылығымен айналысып отыр. Бекіре өсурімен айналысатын Қазақстандағы жалғыз шаруашылық тағы да ерекшеленді. Елімізде тұңғыш рет мұнда бекіренің аналық тұқымын төлқұжатпен бекіту жұмыстары қол алынды.  Бекірені генетикалық паспорттау үшін Алматыдан балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығынан арнайы мамандар шақыртылды. Ғалымдарға мұндай ұсынысты фермерлік қожалық басшысы Қали Исмаилов өзі айтқан. Мамандар бекіренің арқа қанатынан генетикалық материал алады да әр балыққа чип орнатады. 

ЗАМИРА  БОЛАТБЕКОВА |БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КІШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ)

- Екінші кеезеңде балықтардан алынған сынамалар лабораторияда генотипін анықтау үшін зерттеледі. Ал үшінші кезеңде зерттеу нәтижесінде бекірелерге генетикалық паспорт беріледі. Бұл жұмыс балықтың шығу тегін қадағалауға мүмкіндік береді, броконьерліктің жолын кеседі, елімізде балық шаруашылығының дамуына ықпалды үлес қосады. 

"Ардағым" қожалығының басшысы Қали Исмаилов балық шаруашылының кәсіби шебері. Бұл кәсіппен 30 жылға таяу айналысады. Балалары мен немерелі - оның ізбасарлары. Олар қазір еліміздегі ихтиология саласына үлес қосып келе жатқан мамандар ретінде осы кәсіпке ғылыми тұрғыдан қарауға тырысады. Айта кету керек, фермерлік қожалықта бекіреден өзге ақсерке, сібір сүйрігі, америкалық ескектұмсық сияқты балық түрлері өседі. Сондай-ақ осы айдында тұқы тұқымдас балықтың үш түрі бар. Ал бекірені балықшылар 2006-2007 жылдары Атыраудан әкеліп өсірді. 

МОМЫНЖАН  ҚАЛИ /"АРДАҒЫМ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

- Биыл біз көктемде кәдімгі тұқыдан, жапон тұқысынан, сібір бекіресінен және сүйрік балықтан уылдырық алдық. Сүйрік балық 4-6 жылда уылдырық шашады. Одан кейін сібір бекіресі 8-12 жылда уылдырық береді. Ал ақсерке тоғанда 18-20 жылда уылдырық шашады. 

Фермерлер бұдан әрі дамуды көздейді. Жоспарда бекіре өсіретін жаңа тоғыз тоғанды пайдалануға беру көзделген. Ал әзірге шаруашылықта 15 жазғы және 15 қысқы тоған бар.

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...