ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

19:09, 12 тамыз 2019

Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. 12 тамыз күні дүние жүзінің жастары төл мерекелерін тойлайды. Халықаралық мейрам биыл Ақтөбеде ерекше атап өтілді. ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта өңірдің  әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің дамуына барынша үлес қосып, қоғамдық- мәдени және спорттық салаларда биік белестерді бағындырып жүрген 35 жас облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Мақсат Заитовты баспана алуға ниетті ақтөбеліктердің көпшілігі таниды. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" қызметкері тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңа пәтерге қол жеткізудің тетіктерін тиянақты түсіндіріп береді. Талай қоныс иелерінің қуанышына ортақтасып, алғысына бөленіп жүрген азамат. Мереке қарсаңында  жас маманның еңбегі еленіп, облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.Мақсаттан бөлек аймақ басшысының алғыс хатымен 35 үздік жас марапатталды. Дені- ауылды көркейтуге үлес қосып жүрген қыз-жігіттер. Олардың қатарында  жас кәсіпкерлер, ұзтаздар, дәрігерлер,тәртіп сақшылары,  еріктілер және журналистер  бар. Барлығы да өңірдің өсіп-өркендеуіне  үлес қосып жүрген жастар.Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 23 пайызын жастар құрайды. Биыл өңірдегі жас отбасылар мен жас мамандарға арналып 150 пәтер салынғаны белгілі. Сондай-ақ, 20 мың жасты тұрақты еңбекпен қамту көзделіп отыр.  "Дипломмен ауылға" бағдарламасына 1 млрд 162 млн теңге қаражат бөлініп, жоба аясында 700-ге жуық жас маман ауыл-аймақты көркейтуге тартылмақ.Халықаралық жастар күніне орай, сондай-ақ, волонтерлар арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Жастар арыстық балғындармен кездесіп, мұқтаж 100 оқушыға мектеп-құрал жабдықтарын сыйға тартты.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...