ШҰҒЫЛ! 1 желтоқсан - ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні Толығырақ

Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр

18:22, 19 қазан 2017

Су толған подвал мен ашық-шашық жатқан  электр сымдары. Жылу мен электр жарығының жоқтығы. Макаренко көшесіндегі №9-шы үйдің  тұрғындары  бізге осындай  коммуналдық  проблемаларын айтып келді. Бұрынғы жатақхана болған көпқабатты үйдің шешімін таппаған мәселесі көп. Үй тұрғындарымен тілшілеріміз кездесіп, мән-жайды білді.

Тұрғын үйдің жертөлесі суға толған. Жазда күлімсі иіс қолқаны қауып, маса-шыбын-шіркей қаптайды, - дейді тұрғындар. Үйдің подъезі де адам шошырлық жағдайда. Қабырғалары жарылып, баспалдақ сынған. Осындай үйді Ақтөбенің қақ ортасында  тұр деп елестету әрине қиын. Әлі күнге дейін электр есептегіш құралдары ортақ дәлізде тұр. Ең басты қауіп - электр сымдарының ашық тұрғаны. Подъезде жарық жоқ. Балаларымыз тоққа түсіп, мерт бола ма деп қорқады тұрғындар.

5 қабатты үй  шамамен өткен ғасырдың 70-ші жылдары пайдалануға берілген. Ілкіде жатақхана болған тұрғын үй,  кейін жекешелендіріліп, 70 патерлі үйге айналады, алайда, қараусыз қалды.

Тағы бір ойландыратын жәйт-  8 үйге бір ғана қоқыс жәшігі қаралған. Жәшік күл-қоқыстан түске дейін толып болады. Тұрғындар бар кінәні «Карина» жеке пәтер иелері кооперативіне артып отыр. Жұмысы мардымсыз деп санайды. Аталған үй "Каринаның" қарамағына   жыл жарым бұрын өткен. Үй иелері: ақшаны жөндеуге де, терможаңғыртуға да  жинап беруге әзірміз десе, пәтер иелері кооперативі тұрғындардың 30 пайызы ғана қаражат бере алады дейді. Қазірдің өзінде техникалық қызмет үшін қарыз 200 мыңнан асып жығылады.

Терможаңғырту   бағдарламасына қатысу мүмкіндігі келесі жылы шешіледі деген үміт бар. Қазір қала бойынша осындай кезекте 80 үй тұр.

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

Енді мопед пен велосипед мінгендер жол жиегінде еркін жүре алады
19:11, 21 қараша 2017
Енді мопед пен велосипед мінгендер жол жиегінде еркін жүре а...
Толығырақ...
Өңірде ажырасқандар саны азаймай отыр
18:39, 21 қараша 2017
Өңірде ажырасқандар саны азаймай отыр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...