ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

БЕС МЫҢ ҮЙ ТЕКСЕРІЛЕДІ

15:11, 18 қыркүйек 2019

Былтырғы жылыту маусымында 4 адам қаза тапты, олардың екеуі бала. Бүлдіршіндер үйлерінде жалғыз қалып, пештің аузын ашып ойнаған. Улы газ ауаға тарап, балалар уланып қалған. Болашақта мұндай қайғылы жағдай қайталанбас үшін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері рейдке кірісті. Олар әр жеке тұрғын үйді тексеріп, қауіпсіздік ережелерін түсінідіріп жүр. Әйтсе де қауіп сейілген жоқ. Өйткені, саяжай тұрғындарының дені пеш жағып отыр. Тұрғындар қыстан шыққаннан кейін пештің іші-сыртын, мұржасын тазартпайды, мән бермейді. Салдарынан күз келіп, от жаққанда мұржа бітеліп, улы газ үйге тарайды,-дейді мамандар.45 жастағы Клара Меңдібаеваның арманы үйіне газ кіргізу. Бірақ, оған қаражаты жоқ. Отбасы 3 бала тәрбиелеп отыр. Үлкені 15 жаста, ортаңғы баласы 7-сыныпта оқиды, ал кенжесі 5 жаста. Үш баланың біреуі мүгедек. "Спецавтобаза" маңында орналасқан саяжайлардың бірін паналап отыр. Саяжайдағы жер учаскесін сатып алып, баспана құрылысын бастаған. Отбасы әлеуметтік көмекке мұқтаж. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 1300 жер үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Әлі бес мыңнан астам үйді тексерулері тиіс. Бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар тұр. 15 мұқтаж отбасына өрт сөндірушілер 15 газ датчигін орнатып берді. Былтырғы жылыту маусымында жеке секторларда 91 өрт оқиғасы тіркелді. 5 адам зардап шекті, 4 адам ыстан уланып көз жұмды, оның екеуі сәби. Бұл мәлімет әр отбасына ой салуы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...