ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

БЕТПЕРДЕНІ ЗАҢСЫЗ САТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

19:08, 19 наурыз 2020

 Елдегі жағдайды пайдаланып, артық олжаға кенелгісі келетіндер көбейді. Өз кәсібін заңға сәйкес жүргізсе сөз басқа. Ал, құжатсыз бетперде сатып, заңды белден басқандардың ісі ақылға сыя ма? Бұл туралы әріптесім Дархан Мектепбай баяндайды.
Қандай да бір тауарды құжатсыз сату - заң алдында - қылмыс, ар ал­дын­да - күнә. Ал адал еңбекпен нан табу - ол абырой! Елдегі жағдайды өз мақсаттарына пайдалғанғысы келгендердің әрекетін тіпті ақтауға келмейді. Қаламызда он мыңға жуық бетпердені арзан бағаға сатып алып, қымбатына өткізіп, пайдаға кенелмек болғандар дер кезінде анықталды.  
РҮСТЕМ ТАЙШИЕВ
ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНЫ
Жедел іздестіру шарасы кезінде 27 жастағы қала тұрғынынан 9500 дана медициналық бетперде тәркіленді. Құны - 1 миллион 805 мың теңге. Ол әр данасын 190 теңгеге сатпақ болды. Ұсталған азамат бұл тауарлардың барлығын сайттағы хабарламалар арқылы белгісіз адамдардан әр данасын 135 теңгеге сатып алғанын айтады. 
Еліміздегі "Төтенше жағдайлар туралы" Заңға сәйкес тәркіленген бетперде облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілді.
Бетперде сатып, пайда көрмек болған қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қысқартылды. Алайда ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар