ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

БІЛІМ ОРДАСЫНА - 60 ЖЫЛ

17:42, 21 мамыр 2019

Ізденіс пен шығармашылыққа толы - 60 жыл. Іргетасы 1959 жылы қаланған Шалқардағы №3-ші орта мектеп ұжымы мерейтойын  атап өтті. Салтанатты жиында ардагер-ұстаздар, әр жылдарда мектеп бітірген түлектер жан-жақтан жиналды. Басқосуға әріптесім Қонысбек Терекұлы да барып келді. 

ҚОНЫСБЕК ТЕРЕКҰЛЫ - ТІЛШІ
-  1996 жылы мен де осы мектептің табалдырығын аттап, алғаш мына  партада отырғам. Бұл күні мектеп те, мен оқыған класс та көп өзгерген. Шынымды айтсам, ерекше қуанып тұрмын. Өйткені, жасқаншақтап, тосырқап келгенімде, маңдайымыздан сипап, алғаш қолыма қалам ұстатып, әріп үйреткен марқұм ұстазым- Гүлшат Бердалиеваның аты ардақталып, құрметіне музыка кабинеті ашылып жатыр. 

Гүлшат Бердалиева 40 жылға жуық  ұстаздық етті.  1972 жылы еңбек жолын осы мектептен  бастап, 2010 жылы  зейнетке шықты. Музыкадан сабақ беріп, бастауыштың оқушыларына жетекшілік етті.Оқушылардың білімді де өнерлі, жан-жақты болуы үшін барын салды. Мұғалім  атына кабинет береді дегенді естіген шәкірттері классты  жиһазбен жабдықтап, жөндеу жүргізуге  атсалысты. Ал осының бәрін ұйымдастырып, басы-қасында жүрген  қызы Арай Бердалиева. Класс ішіне Гүлшат Елмұратқызының оқушылар туралы естеліктері, әртүрлі шараларда түскен фотосуреттері қойылған. 

Тарих парақтарында ардагер-ұстаздар қалдырған  білім ошағының бүгінге дейінгі жетістіктері өскелең ұрпаққа шежіре боп қалады. «Өткенді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» дегенді ескерген мектеп ұжымы осы білім ордасында  еңбек сіңірген, бұл күні  марқұм боп  кеткен ұстаздарды еске алды. 

Мерейтойға 150 түлек келген. Олар  білім ұясының тыныс-тіршілігімен танысты. Музейге бас сұқты. Мұнда білім ошағының  бай тарихынан сыр шертетін көне фотосуреттер мен құжаттар сақталған. Қонақтар одан әрі жаңа типтегі  класс бөлмелерін аралады, робототехникаға әуес жастардың талабын байқады. Ал 99-жылы бітірген түлектер спорттық жарыстардан уағында мықты болыпты. Сол сәтті тағы бір еске алды. Енді бірі келбеті өзгерсе де орны өзгермеген класстарын тауып кіріп, парталарына отырып көрді. Оқытып-тоқытып, өмір әліппесін үйреткен ұстаздары жайлы тебіреніске толы естеліктер айтты. Солардың бірі- Аманғазы Бақтыбаев. Осы мектептің 1970-ші жылғы түлегі. Бұл күні ардагер теміржолшы. 

Талай түлекті қанаттандырып, үлкен өмірге жол ашқан мектептің  ұстаздары мен оқушылары республикалық және облыстық деңгейдегі сайыстарда көзге түсті. Оқу ордасында бүгінде 420 оқушы білім алып жатыр.  Оларға саналы тәрбие мен қажетті білім нәрімен сусындауға 57  педагог үлес қосады.   

Құр қол келмеген түлектер мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен қаржылай сыйлықтар табыс етті. Гүл шоқтары мен ізгі тілектерін мектеп ұжымына жолдады. Одан соң,  аудандық мәдениет үйіне барды. Олардың құрметіне арнап  мектеп оқушылары концерт қойды. Бірқатар ұстаздар мен жас мамандар республика, облыс, аудан көлеміндегі  марапаттарға ие болды. Салтанатты шара  мерекелік кешке ұласты.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕДЕН АРЫСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
19:27, 25 маусым 2019
АҚТӨБЕДЕН АРЫСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АКТЁР АСЫЛХАН ТӨЛЕПОВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛДІ
20:50, 20 маусым 2019
АКТЁР АСЫЛХАН ТӨЛЕПОВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛДІ
Толығырақ...