ШҰҒЫЛ! Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді Толығырақ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

18:12, 15 наурыз 2019

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Қобда ауданына барды. Еліміздің бас ұстазы  "Нұр Отан" партиясының 18-ші съезінде айтылған Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық"  жаңа әлеуметтік шаралары туралы түсіндірді. Білім жүйесін жетілдіруге қатысты мәселелерді көтеріп, ата-аналар мен мұғалімдердің сауалдарына жауап берді.

ГҮЛДАНА АБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ

- Бұл Күләш Шәмшидинованың  жаңа лауазымға ие болғалы Ақтөбеге алғаш сапары. Еліміздің бас ұстазымен кездесуге  өңірдің педагогтары, мектеп директорлары, колледж басшылары мен ата-аналар, барлығы 120-ға жуық адам жиналды. Білім және ғылым министрі алдымен қатысушыларға Елбасының жаңа "әлеуметтік қамқорлық" жобасымен таныстырып, әлеуметтік жәрдемақылар жайлы толығырақ түсіндіріп берді

Күләш Ноғатайқызының айтуынша,  1-сәуірден бастап тұрмысы төмен, көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек көлемі артады. Жанұядағы әр баланың несібесі  20 789 теңгені құрайды. Құжаттарды рәсімдеу жеңілдейді, сондай-ақ мемлеекеттік жәрдемақылар, шәкіртақылар табыс көзі болып есептелмейді.  Мұқтаж жандар үшін кәсіп ашып, баспана алу үшін мол мүмкіндіктер қарастырылып отыр.

Күләш Шәмшидинованың мәліметінше, тәуелсіздік  алғалы бері Қазақстанда 1672 мектеп салынған.  Алдағы үш жылда жаңа 190 білім ордасы бой көтереді. Бұл ең алдымен  апатты және үш ауысымда білім беретін мектептердің мәселесін шешу мақсатында тұрғызылады. Ақтөбеде  бүгінгі күні әлі де болса үш ауысымда оқитын 14, апатты жағдайда тұрған 2 білім ұясы бар. Қазір салынып жатқан 8  мектеп үш ауысымдылық пен  апатты жағдайдағы ғимараттардыы ауыстыруға арналған.

Білім сапасы, әрине, мұғалімдердің кәсіби шеберлігіне байланысты,- деді министр.  Жаңартылған білім мазмұнына орай 2017 жылдан бері 144 мың мұғалім біліктілік курстарынан өткен. Енді 85 мың сынып жетекшісі мен психологтар оқытылатын болады. Жиын соңында қатысушылар салаға қатысты сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Одан соң Күләш Ноғатайқызы азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдады.  Аудан тұрғындарына қосымша мамандықтар ашу, баспана алу жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Білім және ғылым министрі, сонымен қатар Қобда көпсалалы колледжінің жұмысымен де танысты. Студенттердің өз қолдарымен жасаған өнімдерін көріп, жастардың кәсібін ашу

Қңірегінде ақыл-кеңесін берді.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
15:24, 23 наурыз 2019
Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
Толығырақ...
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...