ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

БІР МИЛЛИОН "МОБИЛЬДІ АЗАМАТ" БАР

16:36, 15 мамыр 2019

"Мобильді азамат" базасына жыл басынан бері 1 млн адам тіркелді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осы базаға тіркелген қазақстандықтардың саны - 6 миллионнан асып отыр. "Мобильді азаматтар" базасына тіркеу ерікті түрде жүргізіледі, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефон нөмірі байланыстырылып, базаға енгізіледі. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәліметтері бар адамдар үйінде отырып-ақ бірнеше мемлекеттік қызмет пен сервистік қызметтерді онлайн түрде ала алады. Мәселен, жаңа босанған аналар проактивті қызмет аясында бірден бөбектің туу туралы куәлігін алып, балабақша кезегіне тіркей алады. Сондай-ақ, ұялы телефон арқылы жеке басына қажетті бірнеше анықтама түрлерін алуға болады. Осы уақытқа дейін бұл сервисті 300 мыңға жуық адам қолданып, 162 мың рет мекенжай анықтамасын алып үлгерді. Қазақстандықтар "Мобильді азамат" базасының тізімінде бар-жоғын egov.kz порталы арқылы тексере алады.     

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...