ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

18:29, 1 мамыр 2019

Ақтөбеде 1-мамыр мерекесіне арналған негізгі шара - "қазақ халқына мың алғыс" стелласы алдындағы алаңда ұйымдастырылды. Таң ертемен шырқалған ән-күй мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтарының көңілін көтерді. Көпұлтты еліміздің бірлігі мен тату-тәтті тірлігін сомдаған өнер ұжымдарының бағдарламасы жоғары деңгейде өтті. 

Еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері орасан. Қарқынды экономикалық даму, кемел келешекке жетелейтін тұрақты саясат, түрлі реформалардың сәтті жүзуге асуы - Қазақ елін бүкіл әлемге паш етті. Барша Ақтөбе жұртын маңызды мерекемен құттықтаған облыс әкімі Оңдасын Оразалин, табысқа жету - тек ауызбіршіліктің, достықтың арқасында болатынын атап өтті.

Мерекелік шара барысында, облыс әкімі этно мәдени бірлестік өкілдерін марапаттап құрмет көрсетті. Алғыс хаттар табыстады. Бүгінде Ақтөбе облысында да 90-ға жуық ұлт өкілдері тұрып жатыр. 18 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Әрқайсысында ұлттық болмысты сақтап, қайта жаңғыртуға арналған іс-шаралар өткізіліп келеді. Ал, елдің жарқын болашағы үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып түрлі салаларда еңбек етуде.

Ал, әр ұлттың өнері жиналғандардың таңдайын қақтырды. Сахнаға шыққан қазақ, ұйғыр, түрік, орыс, өзбек, татар ұжымдары бірлесе би билеп, көрермендердің көңілін көтерді. "Бір шаңырақ астында!" атты әдеби-хореографиялық композициясы өте сәтті шықты.

Ақтөбеліктерді облысымызға келген ел Парламенті мәжілісінің депутаттары да құттықтады.

Мереке Ақтөбеде кең көлемде аталып өтті. Шаһардың барлық саябақтары мен қоғамдық орындар жиылған жұртқа толы болды. Бірлік күнін аудандар да барша сән-салтанатымен өткізді. 

Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан" атты шараға қарапайым ақтөбеліктер де қатысып, ұлтаралық достық, ауыз біршілік тақырыбындағы зияткерлік ойындарда белсенділік танытты. Мерекелік шара ойын-сауық бағдарламасымен жалғасты.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Самат Қалекенов, Ғалымжан Орынов "Ақтөбе" телеарнасы. 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
20:21, 13 қараша 2019
ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
19:19, 13 қараша 2019
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
21:04, 7 қараша 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ"- МҮГЕДЕК ЖАСТАР МЕН КӘСІБИ ӘНШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ
21:03, 7 қараша 2019
"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ"- МҮГЕДЕК ЖАСТАР МЕН КӘСІБИ ӘНШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...