ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН

18:59, 18 шілде 2019

СПИД-пен күреске 30 жыл! 1989 жылы  Ақтөбе облысының аумағында алғаш рет ВИЧ инфекциясы тіркелген еді. Ресми деректерге сүйенсек,  бүгінде дүние жүзінде шамамен 45 млн.нан астам адам осы қатерлі дерттің құрығына ілінген. Ал  елімізде осы вирусты жұқтырған 20-мыңға тарта адам бар екен. Ақтөбеде эпидемиологиялық ахуал қандай?

30 жылдан бері жер шарының дәрігерлері қауіпті дерттің сырын ақтарғанмен, әлі күнге дейін оны толып емдеудің жолын тапппай келеді.  Осы аралықта  Ақтөбеде қатерлі дерттің құрығына 400-ге жуық  адам іліккен. Жыл басынан бері 21 науқас дәрігерлердің есебіне алынған.  Бірақ, мамандардың пікірінше, бұл дерек республикалық көрсеткішпен салыстырғанда 4 есе кем көрінеді. ¤

АННА  КАСПИРОВА /ОБЛЫСТЫҚ ЖИТС-ПЕН КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Аймақта эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бірлесе жасалған жұмыстардың нәтижесінде Вич инфекциясының кеңінен таралауына жол берілген жоқ. Донор арқылы жұғу деректері тіркелмеді. Бұрын-соңды бұл кесел  нашақорлар арасында кеңінен таралса, бүгінде қатерлі инфекцияның 60 пайызы жыныстық жолмен жұғатыны белгілі болып отыр/

Ақтөбеде аталған кесел ең алғаш рет  1989 жылы 2 жасар сәбидің бойынан табылған. Бүлдіршінге Вич инфекциясы Ресей ауруханаларының бірінен жұққан. айықпас дертке шалдыққан бала бүгінде отызға келді. Тұрмыс құрып, сәби сүйген. Осы аурудан сақтанып, ақыл-кеңес алғысы келген адамдарға облыстағы «СПИД-ке қарсы күрес орталығының» дәрігерлері қол ұшын беруге әрдайым әзір. Бұл орталықта «Достастық кабинеті», «Сенім бекеті», «Психо-әлеуметтік кеңес беру және жасырын тестілеу кабинеті»  мен заманауи құрылғылармен жабдықталған зертхана жұмыс істейді.

ЖАСҚАЙРАТ СҮЛЕЙМЕНОВ /ОБЛЫСТЫҚ ЖИТС-ПЕН КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

- Біздің орталық ВИЧ жұқтырғандарды анықтаумен, оларды емдеу мен аурудың алдын алу шараларын ұйымдастырумен айналысады. Медициналық мекемеде жоғары білікті дәрігерлер қызмет етеді. Кез-келген тұрғын  біздің орталыққа келіп, құпия түрде  тегін қан тапсырып, нәтижесін біле алады. Болашақта талдау қызметінің аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Диспансерлік есепте тұрған науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жақсартамыз./

30 жылдың ішінде облыста СПИД-тен 32 адам көз жұмған.  ВИЧ жұқтырған науқастардың орташа жасы - 20 мен 29 арасы.  ВИЧ-ке шалдыққандардың дені ер адамдар. Көпшілігі жұмыссыз, дей тұрғанмен әлеуметтік тұрмысы түзу азаматтар да аз емес дейді мамандар.

Гүлдана Абайқызы,

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...