ШҰҒЫЛ! КӨЛІГІН ТІРКЕДІ Толығырақ

БИЫЛ 6 МЫҢ ҚАЗАҚ КӨШІП КЕЛДІ

17:24, 25 маусым 2020

​Биыл 6 мыңнан астам этникалық қазақ көшіп келді. Оралмандар мен қоныс аударушы 631 отбасы Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарына орналасты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрі Біржан Нұрымбетов. Айта кетейік, атажұртына оралған қандастарымыздың тұрақты тұруға, Қазақстан азаматтығын алуға қажетті құжатты бір уақытта рәсімдеуіне болады. 30 жылға жуық уақытта 1 миллионнан астам этникалық қазақ тарихи Отанына қайта келіп, олардың бәрі оралман мәртебесін алған. Бұл еліміздегі халықтың 6 пайызын құрайды. Онлайн баспасөз мәслихатында министр шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 2019 жылмен салыстырғанда 40 пайызға азайғанын атап өтті. Жыл басынан бері 8 мыңға жуық шетелдіктің еңбекке араласуына рұқсат берілді. Жұмыс берушілер 3 миллиард теңге жуық көлемінде салық төледі. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден озды
19:21, 8 шілде 2020
Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден...
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 86 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
19:11, 7 шілде 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 86 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...