ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

БИЫЛ 9 МЫҢ ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

21:53, 12 ақпан 2020

 Осы жылы 122 аз қамтылған көп балалы отбасы баспаналы болады. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жер телімін алғандарға инженерлік желілер тартылады.  Жаңа автомобиль жолдары салынып, тозғандары күрделі жөндеуден өтпек. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің есептік кездесуінде осы салалардағы мәселеге жауап іздеген әріптесім Гүлнара Жолжанова толығырақ тарқатады. 
Өткен жылы Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында жалға берілетін 7  коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 80-ге жуық аз қамтылған көп балалы ана қоныс тойын тойлады.   Жуық арада Темір, Мәртөк, Шалқар, Байғанин аудандарының тұрғындары жаңа баспанаға қол жеткізбек. 
2019 жылы облыс бойынша тұрғын үй құрылысына 1300 жер телімі берілді. Сонымен қатар, 1145 отбасы баспаналы болды. Олардың дені әлеуметтік осал топтағы отбасылар, көп балалы отбасылар және мемлекеттік қызметшілер. 2020 жылдың жоспарымен облыстық сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Жұмашұлы бөліседі. 

НҰРЛАН ИМАНАЛИН
ОБЛЫСТЫҚ СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өздеріңіз білесіздер 2019 жылы біз рекордтық тұрғын үй құрылысының көлемін тапсырдық 1000 млн шаршы. 2020 жылы да 1000 млн шаршыдан артық тұрғын үй береміз деген жоспарымыз бар...
Алмақтың да салмағы бар,-деді облыс әкімі баспана мәселесін сөз еткенде. Өйткені, мемлекеттік бағдарламамен тұрғындарға үй берілгенде біраз ақтөбелік қарыздың кесірінен баспанадан қағылған. Алайда, толық емес, көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасыларға бастапқы жарнаны өтеу үшін 266 тұрғын үй сертификаты берілді. 
ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қамқор азаматтардың арқасында үйлі боолды....
Автожол мәселесіне келер болсақ, 2019 жылы жол құрылысы мен жөндеуге 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Оның есебінен 347 шақырым жол жөнделді. Ал, биыл бұл салаға 55 млрд теңге қарастырылған. Республикалық, облыстық маңызы бар жолдардың 636 шақырымы жөнделмек. Әлі де жұмыс көп. Жолдардың сын көтермей тұрғанын облыс әкімі де жасырмады. Тұрғындар алаңдаулы. Аймақ басшысының есептік кездесуінде өткізілген қабылдауда осы сала бойынша екі сағаттың ішінде ақтөбеліктерден 15 сауал келіп түсті.  
НҰРЛАН ДОСОВ
ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ 
Біз қала жолдарының құрылысы, жөнделуі және коммуналдық мәселеге байланысты тұрғындардың сауалына жауап бердік. 15 тұрғын мәселелерін жеткізді. Олардың көбісі жолаушылар тасымалы, яғни қоғамдық көліктерге қатысты болды. Сонымен қатар, қар тазалау, шығару туралы сұрап жатыр. 70-80 пайыз сұрақты осы жерде талқылап, жауабын бердік. 
Биыл "Ойыл-Қараой", "Шалқар-Бозой" тас жолдарына орташа жөндеу жүргізіледі. Ал, "Ақтөбе-Қандыағаш" жолы күрделі жөндеуден өтпек. Сонымен қатар, осы жылы әлеуметтік маңызы бар "Ақтөбе-Шалқар" теміржол бағытын жандандыруға 330 млн теңге бөлінді. Еске сала кетейік, Шалқар ауданының тұрғындары қалаға қатынайтын пойыз вагондарының санын көбейтуді сұраған болатын. Енді субсидия қаржысымен вагондар саны артпақ.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІ-ДӘРМЕК МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТҰР
18:43, 25 қыркүйек 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕК МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...