ШҰҒЫЛ! Шалқар ауданы 8 айды қорытындылады Толығырақ

Биыл мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында 10 жаңа ғимарат пайдалануға беріледі

18:44, 7 қыркүйек 2017

Ақтөбе облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктердің нәтижесінде салынған нысандардың саны мен сапасы бойынша елімізде көш бастап тұр.

Нәтижелі жұмыстар Елбасы тарапынан кешегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында жоғары бағаға ие болды. Тіпті, өзге облыстарды Ақтөбе өңірінен үлгі алуға шақырды.

Ақтөбеде Жұбанов университетіне қарасты жастар сарайы мен студенттер сарайынан өзге кең ғимарат жоқ. Оның екеуі де ауқымды шараларға арналмаған. Кей концерттерде залда ине шаншар жер болмай, көрермен түрегеліп тұратыны шындық. Дарынды жастар облыс әкімімен кездескенде жастар сарайы сияқты орталық ашу туралы бастама көтерген еді. Сол ұсыныс көп уақыт өтпей, қолдау тапты. Ақтөбенің қақ ортасынан зәулім ғимарат бой көтерді. Жастар сарайы - мемлекет пен жекеменшік әріптестігінің жемісі. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы салып жатқан бұл ғимараттың жалпы құны - 1,5 миллиард теңге. Мәдени орталық - қаланың сәулеті ғана емес, өнерге таласы бар жастардың ортақ үйі болады деген сенім бар.

ЕЛУБАЙ КЕНЖЕАЛИЕВ, Ғ.ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

- Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының ішінде мұндай нысан Ақтөбеде алғаш рет салынып отыр. Елбасымыздың «Болашаққа бағадар: Рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес жасалып жатқан ірі бастамалардың бірі. Үлкен ірі мекеме. Мұның ашылуын қазіргі күнде барлық мәдени ошақтың қызметкерлері асыға күтіп жүр.

«Нұр ғасыр» мешітінің жанында бой көтеріп жатқан тағы бір нысан - неке сарайы. Бірегей жобаны жүзеге асырушы - ақтөбелік жеке кәсіпкер Зәмзәгүл  Баймағамбетова. Сарайда төрт зал болады. Яғни, бір мезгілде төрт жұп неке қию рәсімін өткізе алады. Сондай-ақ, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері үшін арнайы кабинеттер жасақталады. Мұрағаты да талапқа сай салынады. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды. Ал шығармашылық академиясының құрылысына 1 миллиард 300 миллион теңге жұмсалды. Нысан - бизнестің әлеуметтік міндеттеріне оң көзқарастың нәтижесі. Алып жобаны Қазхром трансұлттық компаниясы қаржыландырды. Жүзден аса үйірме, жоғары технологиялық планетарий, обсерватория, техникалық және айти зертхана, театр студиялары керек-жарақтармен жабдықталған.

ШӘМШАТ ЖҰБАЙ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

- Бұл ғимараттың дизайны ерекше жасалған. Өзіңіз көріп тұрғандай, ішне шағын бау-бақша ретінде әдемі көрніс орналастырылған. Әрі қарай жүре берсеңіз, әр қабат, әр бөлме өзіндік ерекшеліктерге толы. Бұл облыс басшымыздың елге, балаға, қоғамға деген үлкен қамқорлығы

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің адам жанына араша болатын жобасының бастамасы тың, болашағы да жарқын. Жаңа "Көз жарығы" аталатын 60 керуеттік офтальмологиялық аурухана құрылысы да аяқталуға жақын. Бұл дегеніңіз, қос жанарын емдету үшін берісі Орынбор, арысы Америка асып жүрген ағайындардың заманауи медициналық көмекті Ақтөбенің өзінде алатын күн жақын. Ал жекпе-жек сарайы - болашақ Ақтөбенің атын әйгілейтін спортшылардың мекені болмақ. Жеке кәсіпкер Шамиль Каспранов осы сарайды салу үшін 2 млрд теңге жұмсаған. Төккен тер, еткен еңбек ақталды дейді ол.

ШАМИЛЬ КАСПРАНОВ, "НЕКТАР" ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

- Бұл нысан жастар үшін аса қажет. Мұнда үш зал болады. Бокс, самбо, фитнес залында спортшылар барынша дайындықтарын жүргізе алады. Менің білуімше, көп жас спортшылар жертөледе дайындалып жүр. Жекпе-жек сарайы сондай дарындыларды қолдайтын орталық болмақ.

Жалпы, соңғы жылдары Ақтөбе инвесторлар үшін тартымды бола түсті. Олар ең маңызды деген жобаларға қаржы құюда. Мемлекет пен жекеменшік әріптестігінің аясында жасалып жатқан жұмыстар саны жөнінен Ақтөбе республикада көш бастады.  Бұл - құрылыс, денсаулық сақтау, білім, логистика салаларының жаңа ғимараттары.

СЕРІК ТӨЛЕНБЕРГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Ақтөбе облысында мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 60 жоба жүзеге асуда.. Жақын арада 10 ғимаратты пайдалануға беру көзделіп отыр. Құрылыс жұмыстары қарқынды. Бұл мемлекет пен кәсіпкер арасындағы серіктестіктің маңызы зор. Кәсіпкер салады. Ал мемлекет сатып алады. Оның арнайы уақыттары бар.

Аула клубтары, жаңа саябақтар және гүлзарлар әлеуметке жасалған жағдай. Шаһарымыздың миллиондар қаласы атануы үшін лайықты ететін жобалар арайлы Ақтөбені алып құрылыстар алаңына айналдырды.

Гүлбағда Қайратқызы, Арман Досмағамбетов

Тақырып бойынша материалдар

Жәрмеңкеде 358 бос жұмыс орны ұсынылды
18:20, 22 қыркүйек 2017
Жәрмеңкеде 358 бос жұмыс орны ұсынылды
Толығырақ...
Көпқабатты үйлерге бейнебақылау камералары орнатылып жатыр
18:11, 22 қыркүйек 2017
Көпқабатты үйлерге бейнебақылау камералары орнатылып жатыр
Толығырақ...
Зиратты сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынды
13:00, 22 қыркүйек 2017
Зиратты сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Ақтөбе  -  құтты  мекен" форумына  әлемге танымал жерлестеріміз келеді
14:58, 19 қыркүйек 2017
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына әлемге танымал жерлестер...
Толығырақ...
Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды
17:45, 18 қыркүйек 2017
Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды
Толығырақ...
Ақтөбеліктер жәрмеңкеден олжалы қайтты
14:05, 18 қыркүйек 2017
Ақтөбеліктер жәрмеңкеден олжалы қайтты
Толығырақ...