ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

#БІЗБІРГЕМІЗ

20:34, 22 мамыр 2020

"Біз біргеміз" жалпыұлттық акциясына еріктілер мен қоғамдық бірлестіктер үлес қосты. Олар көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік, дәрі-дәрмек таратты. Қиын сәтте жанына табылғандарды көрген жалғызбасты қариялардың өз кезегінде алғысын білдірді. Қайырымды іске куә болған тілші материалына кезек берейік. 
Қаламыздағы қарулы күштер, құқық қорғау және арнайы орган ардагерлері бірлестігінің өкілдері 84 жасар Михайлина Беловаға күнделікті азық-түлік алып барды. Бұл жалғызбасты қарияға көрсетілген көмек. Михайлина Белова Украинаның Тернополь облысының тумасы. 1955 жылы Қазақстанға тың игеруге келген. 14 жыл бұрын отағасынан айырылған. Үш қызы сәби шағында шетінеп кетсе, өткен жылдың тамыз айында жалғыз ұлы қайтыс болған. Содан бері жалғыз тұрады. 
Бұл істі қолға алған қоғамдық бірлестік өкілдері мұндай шаралардың алдағы уақытта жалғасын табатын айтты.
Аталған бірлестік карантин кезінде 15 мұқтаж отбасына көмек көрсеткен.

Дархан МЕКТЕПБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ОГРАНИЧЕННЫЕ  ВОЗМОЖНОСТИ  НЕОГРАНИЧЕННЫХ  ЛЮДЕЙ
19:46, 27 мамыр 2020
ОГРАНИЧЕННЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕОГРАНИЧЕННЫХ ЛЮДЕЙ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар