ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

#БІЗБІРГЕМІЗ

18:02, 27 шілде 2020

 Жомарт жүректі жандардың арқасында оттек концентраторы алынды. Өңірдегі ірі мұнай компаниясындағы бастауыш партия ұйымы, бірқатар жеке күзет мекемесі  "Біз біргеміз" қайырымдылық акциясына қосылды. Олар 4 миллион теңге қаржы жинаған. Игі іс туралы келесі бейнематериалда. 
Бүгін провизорлық орталыққа тағы да жаңа аппараттар жеткізілді.  Бұл облысымыздағы ірі мұнай компаниясынан жеткен көмек. Су жаңа жеті бірдей оттегі концентраторы енді науқастардың еміне қолданылады. "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалы бастауыш партия ұйымының қолдауымен компаниядағы бірнеше күзет мекемесі демеушілік  жасаған.
Айта кетейік, тосын індет басталғалы қаладағы Алматы ауданында кәсіпкерлер, депутаттар мен еріктілердің қолдауымен 605 отбасына 11 миллион теңгеден асатын көмек көрсетілді. Сондай-ақ, меценаттар медициналық мекемелерге барынша қолдау білдірді.  
Бұл оттегі концентраттары коронавирус және өкпе қабынуы сияқты ауруға шалдыққандар үшін қолданылады. Мамандардың айтуынша, құрылғы ентігуді басып, жүрек пен өкпенің ғана емес, бүйрек пен бауырдың жұмысын қалыпқа келтіреді.
Қаламыздағы ең үлкен провизорлық орталық 500 орынға есептелген. Бүгінгі күні мұнда 273 адам ем алуда. Бас дәрігер жұмыс ырғағының қалыпқа түскенін айтады. Бұрынғыға қарағанда мұнда ауырып түсетіндер саны азайған.

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі
09:19, 2 тамыз 2020
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі кө...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар