ШҰҒЫЛ! ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ Толығырақ

#БІЗБІРГЕМІЗ

20:49, 19 наурыз 2020

 Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Бүгін өңірде "Біз біргеміз" акциясы басталды.  Ұйымдастырушылар отыз отбасын қажетті азық - түлікпен қамтамасыз етті. Медициналық маска мен коронавирустан қорғану ережелері жазылған арнайы кітапша  таратТы.   Игі шара әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және  мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға бағытталған. Сын сағатта бірлігіміз сыналады, бірге болсақ - ынтымағымыз нығаяды дейді ұйымдастырушылар. Акцияны алғашқы болып ауған соғысы ардагерлері мен қоғам қайраткерлері бастады. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар 3 отбасына барды. Алла Давыдова ата-ана қамқорлығынсыз қалған немерелерін бауырына басқан. Үлкен немересі 3-ші - топ мүгедегі. Ол көмек қолын созған жандарға алғысын білдірді.  
АЛЛА  ДАВЫДОВА
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Барлықтарыңызға төзімді болыңыздар демекпін. Бастысы - сенім. Немерем ауруынан айығады деп сенсем, солай болады да. Сіздерге алғыс айтамын. 
 Акцияға  "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы "Жас Отан" жастар қанатының мүшелері  мен еріктілер тобы да қатысты. Тұрмысы төмен отбасыларға азық - түлік үлестіргендер қатарында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов та бар. Еріктілер бұл бастама жалғасын табады дейді.  
ОЛЬГА  ГАНИНА
ВОЛОНТЁР
 Біздер, Ақтөбе жастары, еріктілер "Біз біргеміз" акциясын бастадық. Алғашқы күні мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға барамыз. Басты міндет - алғашқы медициналық құралдар мен азық-түлікпен қамтамасыз ету. Адамдардың көпшілік жерге баруын мейлінше азайту. 
Қайырымды жандар мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыға да көмек берді. Мира Аяпова жалдамалы пәтерде тұрады. Қатерлі індеттен сақтанып, үйден ұзамауға шешім қабылдаған. Бұл отбасы үшін қайырымдылық акциясы үлкен демеу болды.
 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
22:18, 3 сәуір 2020
ӨҢІРДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар