ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

#БІЗБІРГЕМІЗ

18:52, 1 сәуір 2020

Ақтөбелік іскер әйелдер қауымдастығы "Біз біргеміз!" акциясын жалғастырды. Өңірдегі көмекке мұқтаж 70 отбасына азық - түлік таратып, індетпен ел болып күресуге шақырды. Жақсылық ісінде  жарысқан жандармен әріптесім Ерлан Мұқан кездесіп келді. 
Ақтөбелік бизнесвумендер төтенше жағдай кезінде 1 миллион қаржы жинап, өңірдегі  көмекке мұқтаж 70 отбасына көмек берді. Азық- түлік пен гигиеналық заттар алды. Қолдан тігілген 500 ден астам бетперде таратты. Игілікке жұмылған кәсіпкерлер  ұн, қант, макарон өнімдері, күріш сатып алды. Әрқайсысы 350 келі. тағы да  420 литр сүт, 350 литр сұйық май алған. Қайырымдылыққа қол біріктіру - жарияға жар салу емес, жақсылық жасауға  шақыру. Қауымдастықтың облысытағы филиалында 100 әйел мүше. Олар өңірдің  бизнес саласын дамытуға айрықша үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік жағдайдың тұрақты болуына, ауыл әйелдері кәсіпкерлігінің өркендеуіне атсалысып келеді. Жыл сайын жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға, жалғызілікті  қарияларға көмектесуді дәстүрге айналдырған. 
ЖАННА ОМАРОВА
"ҚАЗАҚСТАН ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"  ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ АОФ МҮШЕСІ
 Акцияны қолдаған жандарға алғысымды білдіремін. Әрбір игі істің шарапаты тиеді. Сондықтан көмек беруге  ниетті жандар болса қатарымызға қосылуға шақырамын. Біз бірлігімізбен ғана мықтымыз.
Әйелмен әлем әдемі. Үй шаруасы мен бизнестің тізгінін қатар алып  жүрген келіншектердің бүгінгі бастамасы көпге үлгі болары анық. 

ЕРЛАН МҰҚАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар