ШҰҒЫЛ! Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді Толығырақ

БИЗНЕС САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ

17:41, 11 наурыз 2019

Ақтөбелік студентттер компьютерлік және бизнес сауаттылықты арттыруға арналған тегін тренингке қатысуда.  Облыс әкімдігінің қолдауымен  Медианет халықаралық журналистика орталығы және  Конрад Аденауэр  атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігі үш күн бойы өңір жастарын онлайн жүйемен жұмыс жасауға үйретеді.   

Үйде отырып-ақ, қажет анықтаманы оңай алуға болады.  Ғаламтор арқылы бейнемонтаж жасап, өзге де онлайн кәсіп ашуға мүмкіндіктер мол. Ол үшін компьютердің тілін терең меңгеру жеткілікті,- дейді мамандар. Үш күндік тернингте  студенттер мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысудың алғышарттарын үйреніп,  күрделі компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасап машықтанады. Мұндай тренинг  Ақмола, Алматы, Түркістан және Қостанай облыстарында өткен. Шара бірнеше жастың бизнес бастауына түрткі болыпты.  

Дуалды білім беру және цифрландыру тақырыбына арналған тренингке  Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы  өкілдігінің директоры Томас Хельм арнайы қатысуда.  Шетелдік маман Германияның білім беру ұйымдарының тәжірибелерімен бөлісуде. Ал студенттерге тәлім беретін тренерлер- жоғары оқу орындарының айти мамандары мен ғаламтор арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған бизнес өкілдері. 

Шараға жоғары өңірдегі жоғары оқу орындарының 40-қа жуық студенті қатысуда.  Ұйымдастырушылар  әсіресе ауыл жастарына басымдық беріп отыр. Өйткені, мақсат- компьютердің "құлағында ойнайтын", онлайн бизнесін дамытатын кәсіби мамандарды даярлау. Осылайша шалғайдағы елді мекендерді цифрландыруға үлес қосу.
Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
15:24, 23 наурыз 2019
Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
Толығырақ...
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...