ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫС УАҚЫТЫЛЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ Толығырақ

БЛОК - БЕКЕТТЕР АЛЫНДЫ

21:30, 1 маусым 2020

 Көлік қатынасына кедергі жоқ. Бүгіннен бастап жүргізушілер мен жолаушылардан ешкім рұқсат қағазын талап етпейді. Облыс орталығы мен өзге де өңірге бара аласыз. Еске салсақ, төтенше жағдай кезінде облыс бойынша барлығы 28 блок-бекет құрылған еді. Оның 7-уі қалада. Бүгін сол жерлерде күні-түні жұмыс істеп, кезекшілігін адал атқарған құқық қорғаушылар марапатталды.  
Бүгін таңғы сағат 5-тен бастап аудандар мен өзге облыстар арасындағы кедергілер алынды. Блок-бекеттер жұмысын тоқтатты, алайда карантин режимі сақталатынын еске саламыз. 
Төтенше жағдай кезінде блок-бекетте қызмет атқарған полиция лейтенанты Бауыржан Ешманов өзге де әріптестерімен бірге Алғыс хатқа ие болды. Ол 78 күн бойы үзіліссіз Самара-Шымкент тас жолы бойындағы Өлке ауылының маңында орналасқан №3-ші блок-бекеттегі көлік қатынасын реттеді. Тас жол бойында тігілген шатырда тамақтанып, казармалық жағдайда 12 сағат кезекшілікпен жұмыс істеді. 
Облыс бойынша 400-ден астам тәртіп сақшысы көлік қозғалысы көп тас жол бойындағы блок-бекеттерде таңнан кешке дейін, енді бірі кештен таңға дейін тікесінен тік тұрып қызмет етті. Жалпы төтенше жағдайдың қатаң режимде қызмет атқарған 1300 маманға Ішкі істер министрлігі мен облыстық полиция департаментінің атынан алғыс жарияланып, марапатталды.  

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
16:42, 30 маусым 2020
25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
Толығырақ...