ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

​БӨГДЕ БҰЙЫМДАРДЫ ЖҰТУ ДЕРЕКТЕРІ КӨП

13:38, 14 шілде 2019

Кішкентай бөбектердің абайсызда батарейка, тиын, түйме өзге де ұсақ заттарды жұтып қою деректері азаймай отыр.  Дәрігерлер, әсіресе,  жаз мезгілінде қауіп зор дейді. Ес білмейтін бөбектер қауын-қарбыздың дәні мен жеміс-жидектердің шаттауығын жұтып қоюы мүмкін. Ал органикалық бөгде денелер балалардың өңешін, тыныс жолдарын бітеп тастауы мүмкін. Бүлдіршіндердің бөгде затты жұтып қойғанын қалай білуге болады? Қандай көмек көрсету қажетҰсақ тиындар, моншақтар, дәндер, тіпті үшкір  шегелер мен түйреуіштер... Бұлардың барлығы балалар жұтып қойған, мұрын мен құлаққа  абайсызда түсіп кеткен бөгде заттар.  Дәрігерлер мұндай ұсақ бұйымдарды  органикалық және органикалық емес деп бөледі. Мысалы кеңірдекке тұрып қалған жемістердің  дәні ылғал ортада үлкейіп, көлемін өзгертеді. Салдарынан тыныс жолы бітеліп, дем алу қиындайды. Ал бейорганикалық заттардың ішінде ең қауіптісі- батарейка.Сондықтан мамандар,  ата-аналарға балалаларға батарейкамен жұмыс істейтін  ойыншықтар алып бермеуге  кеңес береді. Ұсақ  заттарды кішкентайлардың қолы жетпейтін жерге қойған жөн. Ал, мұндай проблемамен бетбе-бет келген жағдайда өз бетінше әрекет етпей, бірден дәрігердің көмегіне жүгіну қажет. Баланың бөгде затты жұтып қойғанын қалай білуге болады?  Әдетте бұл бүлдіршіндердің  әрекеттерінен анық байқалады. Оның тыныс алуы мен жұтуы қиындап, сілекейі шамадан  тыс ағады, ерін мен мұрын арасындағы үшбұрыш көгере бастайды дейді ақ халаттылар.  Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері жылына осындай және өзге де диагноздарымен келген 800-ден астам балаға ем-дом жасайды екен.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
19:05, 17 қаңтар 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
19:04, 17 қаңтар 2020
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:17, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
16:26, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
Толығырақ...