ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

21:03, 7 қараша 2019

Жекпе жек сарайында тағы да спорттық дода. Ақтөбеде бокстан халықаралық турнир басталды. Шара әлемнің үздік 8 спортшысы қатарына енген былғары қолғап шебері Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналды. Шараға Азия және Еуропа елдерінен 5 команда қатысуда. Ақтөбеде бастау алған турнирге Германия, Қырғызстан, Өзбекстан,  Ресей және Қазақстанан 120 спортшы келді. Былғары қолғап шеберлері олимпиадалық 10 салмақ дәрежесінде жұдырықтасады.Олар әлем және Азия, Еуропа біріншілігінде топ жарып жүрген жастар. Германия бокс федерациясының вице-президенті Карл Паукнер турнирге арнайы келді. Қазақ бокс әдісін зерттеу, былғары қолғап шеберлерімен жүздесіп, тәжрибе алмасу.

КАРЛ ПАУКНЕР

ГЕРМАНИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

Турнир жақсы деңгейде өтіп жатыр. Жарысқа 6 спортшымызды алып келдік. Қазақ жерінен танымал спортшылар шыққанын білеміз.  Осындағы спортшылар мен жаттықтырушылардың шеберлігін бақылап отырмыз. Мықты жігіттер. біздің спортшыларымыз да осал емес.

Бауыржан Ақшолақов Кеңес Одағында ғана емес әлем назарында болды. 1989 жылы Пуерта-Рикода өткен біріншілікте ақтөбелік боксшы әлемнің үздік 8 боксшы қатарына енді. Көзкөргендер турнирде жігерлі споршыларға үлгі етті. Әлемді мойындатқан боксшы атындағы турнир қарашаның 10- на дейін жалғасады. Жеңімпаз атанған спортшыларға "спорт шебері" дәрежесі беріледі.

Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...