ШҰҒЫЛ! Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді Толығырақ

БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

15:05, 7 маусым 2018

Бадамша ауылында жасөспірімдер арасында бокстан облыстық ашық турнир басталды. 4 күнге созылатын бұл додаға 14 команда, 180 ге жуық спортшы қатысуда. Осымен 3 ші рет өтіп жатқан турнир Астана қаласының 20 жылдығы мен Бадамша балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Дәстүрге айналған біріншілікке аудандардан: Шалқар, Ембі, Хромтау, Байғанин, Ақтөбе қаласынан бокс мектептері мен клубтары,  және Атырау, Орал, Қызылорда облысы мен көршілес Ресейдің Новотроицк қаласынан жас боксшылар қатысуда. Салтанатты шарамен басталған турнирдің ашылуында аудан әкімі қатысушыларды құттықтады.

Спортшылар 14 командаға бөлініп қолағап түйістіруде. Олардың арасында облыстық және республикалық бәсекелерде топ жарып жүрген жас өрендер де бар. Қатарынан 3 ші рет турнирге бағын сынауға келген БАҒДАТ МАРАТОВ бұл жарыстан жеңімпаз атанғысы келеді.

Қарғалы ауданында бұқаралық спортты дәріптеуде Бадамша балар-жасөспірімдер спорт мектебінің маңызы зор. Аудан бойынша 1 спорт мектебі мен ауылдарда 6 филиялы жұмыс істейді. Бокстан бөлек, ауыл балалары  жеңіл атлетика, волейбол, тоғызқұмалақ үйірмелеріне қатысады.

Турнирдің негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын сақтауға, қазақ боксшыларының жетістіктерін кеңінен дәріптеу. Жарыс қорытындысы бойынша жеңіпаз атанған былғары қолғап шеберлері жүлделі орындармен марапатталады.

Тақырып бойынша материалдар

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
15:24, 23 наурыз 2019
Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
Толығырақ...
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...