ШҰҒЫЛ! "Ақтөбе - құтты мекен" форумына әлемге танымал жерлестеріміз келеді Толығырақ

Болашақ ұшқыштар ант қабылдады

17:51, 11 қыркүйек 2017

Болашақ ұшқыштар ант қабылдады.

Талғат Бигельдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтының курсанттар қатарын толықтырған 96 бозбала салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты. Қорғаныс күштерінің қатарына алынған азаматтар Отанға адал болуға серт берді.

Салтанатты марш, әскери әуен, көк тудың желбірегені... Бұл Отанға, халқына, ел Президентіне адал болуға ант беру рәсімі - әскери институт үшін дәстүрлі шара. Ұшқыш болу арманы оқуға жетелеп келген жас курсанттар алдында енді асқан жауапкершілік тұр. Ер азамат үшін бұл күн есте қаларлық күн. Салтанатты шарада сөз алған әскери институт басшысы жастарға қайсар рухты Отан қорғаушы болуға тілектес екенін жеткізді.

МҰРАТ ӘЖМҰРАТОВ, Т. БИГЕЛЬДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

- Соңғы демім қалғанша адал болам деп ант еттіңіздер. Енді сол уәдені орындауға тырысыңыздар. Сіздер елдің болашақ қорғанысызыдар. Кішіге үлгісіздер. Бүгінгі маңызды күнмен сіздерді құттықтаймын

Салтанатты шараға 96 курсант қатысты. Олардың қатарында Қырғызстан және Тәжікстан студенттері де бар. Ал, 26-сы әскери әулеттің ізін жалғастырған бозбалалар

Осы сәттен бастап жастар Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына ресми түрде қабылданды. Алғаш рет бірыңғай саппен әскери институттың алаңқайын адымдап өтті. Енді жігіттер күрделі әскери ғылымның, әуе күштерінің қыр-сырын меңгеретін болады. Айта кеткен жөн, биыл  Ұлттық бірыңғай тестілеуде 97 балдан артық жинағандар ғана инситутқа қабылданды. Әрі спортта алғыр болуы тиіс деген талаптың тезінен өткен талапкерлер курсант атанды.

Тақырып бойынша материалдар

Шалғынбай Жолдасов: Тұтынатын тағамдарымызда химиялық қоспа көп
11:36, 20 қыркүйек 2017
Шалғынбай Жолдасов: Тұтынатын тағамдарымызда химиялық қоспа...
Толығырақ...
 "Қолғанат Ақтөбе" қоры  жұмсалған қаржы есебін берді
18:44, 19 қыркүйек 2017
"Қолғанат Ақтөбе" қоры жұмсалған қаржы есебін берді
Толығырақ...
Зираттар сенімгерлік басқаруға беріледі
17:29, 19 қыркүйек 2017
Зираттар сенімгерлік басқаруға беріледі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Көңіл көтеру орындарында 500-ден астам қылмыс тіркелген
18:44, 13 қыркүйек 2017
Көңіл көтеру орындарында 500-ден астам қылмыс тіркелген
Толығырақ...
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
19:34, 14 қыркүйек 2017
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
Толығырақ...
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
16:45, 14 қыркүйек 2017
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
Толығырақ...