ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

БОРЫШКЕР ЕМЕССІЗ БЕ?

18:13, 16 мамыр 2019

Кезекті еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристік сапарға шығуды жоспарлаған  қазақстандықтар алдын ала борышкерлер тізілімінде өзінің бар/жоғын тексергені абзал. Мұны азаматтар бірнеше тәсіл арқылы тексере алады. Солардың бірі - Telegram қосымшасындағы @egovKzBot. Бот арқылы сапарға бірге шығатын туысқандарыңыздың не достарыңыздың да берешегін тексеруге болады.  Керекті ақпарат сұрау жіберілгеннен кейін бірден көрсетіледі. Айта кетейік, бір жыл бұрын іске қосылған қызмет түрін 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгерді. Оны пайдалану үшін "Мобильді азамат" базасында тіркелу шарт. Бүгінде ол базаға 6 млн адам өз мәліметтерін енгізген. Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңба иелері egov.kz порталындағы жеке кабинеті арқылы айыппұлдардың барын тексеріп, берешек анықталған жағдайда, портал арқылы қарызын өтей алады. Естеріңізге салайық, салықтар, айыппұлдар немесе алименттер, коммуналдық қызметтер бойынша берешектері барларға Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуға шектеу қойылуы мүмкін.

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...