ШҰҒЫЛ! ОҚУШЫЛАР АСТАН УЛАНДЫ Толығырақ

БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

16:49, 19 наурыз 2019

Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 5-мәрте ұйымдастырылған шараға 200 ге жуық адам келді. Дені өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс іздегендер. Сұраныс пен талап сай ма? 
   
Мектептер, балабақшалар, тағам саласы мен ірілі-ұсақ зауыттар. Барлығы 58 мекеме келіп отыр. Қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша бұл жәрмеңкеде 300 ге жуық жұмыс орны ұсынылған. 
Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің арасында 2,3-топтағы мүгедектер де бар, жазасын өтеп шыққандар да жүр. Мамандар жастардың жұмыс істеуге құлқы жоқ,-дейді. Көбі айлығына қарайды екен. Ал егде жастағылар жасы ұлғайғандығы үшін қабылданбайтындығын айтады. 

Жәрмеңкеге келген мұнай компаниялары оператор, инженер мамандарын іздеуде. Мектептерге орыс тілі мен информатика пәнінің оқытушылары қажет. Аула сыпырушысы, кондитерлер мен мейірбикелерге де сұраныс бар. Қалалық жұмыспен қамту орталығында 1700 жұмыссыз ақтөбелік тіркеулі. Олардың жасы 20 мен 60 тың аралығында. 

Тақырып бойынша материалдар

СЕРІКТЕСТЕР МӘМІЛЕГЕ КЕЛДІ, МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ
22:06, 22 сәуір 2019
СЕРІКТЕСТЕР МӘМІЛЕГЕ КЕЛДІ, МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 БИЫЛ 1000 ОТБАСЫНА 2 ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
20:34, 16 сәуір 2019
БИЫЛ 1000 ОТБАСЫНА 2 ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...