Бос орындар жәрмеңкесінде 128 жұмыс орны ұсынылды

Ойыл ауданының шаруа қожалықтары мен кооперативтеріне малшылар, сауыншылар қажет. Биыл салынатын 21 тұрғын үй мен мектеп құрылыстарына да жұмысшылар керек. Бұл туралы аудан орталығында өткен кезекті бос орындар жәрмеңкесінде белгілі болды.

20:22, 19 сәуір 2017   163

Аудандық мәдениет үйінде өткен бос орындар жәрмеңкесінде 128 жұмыс орны ұсынылды. Басым бөлігі - мал шаруашылығымен айналысатын құрылымдардың үлесіне тиеді. Айлық - жалақылары мен өзге де әлеуметтік төлемдерін өтеуге дайын қожалықтар, кооперативтер, малшылар мен механизаторларға мұқтаж. 

АСҚАР ҚАЗБАЕВ, ОЙЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жұмысшылар құрылыс саласына да қажет. Биыл ауданда 21 тұрғын үй салу жоспарланған. Жуырда ғана анықталған, құрылысты жүргізетін мердігер компания да қажетті мамандарын іздеді. Бұдан бөлек, ісін кеңейтіп, одан әрі дамытуды қалаған кәсіпкерлер де сатушы, тасымалдаушы мамандарын қарастырды. 

СӘБИТ БАҚТЫГЕЕРЕВ, КӘСІПКЕР

Бүгінде аудан бойынша 22 адам жұмыссыздар санатында тұр. Барлығы да тұрғындармен бірге жәрмеңкеге қатысып, жұмыс берушілер ұсынған бос орындарды қарады. Кейбірі бірден келісімге келді.

СӘКЕН ҚҰЛЕКЕШОВ, ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бос орындар жәрмеңкесі, Ойылда биыл осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқысының қортындысы бойынша 93 адам тұрақты жұмыс тапқан. Жыл соңына дейін тағы да бірнеше рет ұйымдастырылатын болады. Әнуарбек Мырзатайұлы

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44