ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

БОС ПӘТЕРЛЕРДІ БРОНДАУ БАСТАЛДЫ

19:17, 8 ақпан 2019

     Ақтөбеде ақпанның 8-нен 20-на дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бос пәтерлерді брондау үшін өтініштер қабылдана бастайды. «Нұр-Ақтөбе» ауданында орналасқан 3, 4 және 9 қабатты үйлерде 1, 2 және 3 бөлмелі 400-ден астам пәтер бар. "Нұр-Ақтөбенің" 1-ші, 2-ші және 3-ші шағын ауданындағы үйлерден баспаналы болуға мүмкіндік зор. Бөлме санына байланысты пәтерлердің шаршы метрінің құны 120-135 мың теңгенің аралығында.  Алғашқы жарна 20-пайыздан басталады. Ал несиені жылдық 5 пайызбен алуға болады. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, бос пәтерді брондау туралы өтінішті беріп үлгеру керек. Пәтер бағалары - 5 миллион 109 мың теңгеден бастап 11 миллион 973 мың теңгеге дейін. Сондай-ақ, «Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша ескі бағамен соңғы пәтерлерді сату жалғасып жатыр. Оларды 15-ші ақпанға дейін брондауға болады. Айта кету керек, бұл үйлер қазіргі нарықтағы бағамен саластырғанда ең арзан үйлер, яғни, шаршы метрі 100 мың теңге болатын 36 пәтер, 110 мың теңге болатын 63 пәтер ғана бар.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ
21:18, 18 маусым 2019
ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫРҒЫЗДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ КӨЛІК ОЙЛАП ТАПТЫ
20:52, 12 маусым 2019
ЫРҒЫЗДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ КӨЛІК ОЙЛАП ТАПТЫ
Толығырақ...